"есіктен кіріп,төр менікі" дегенді қойсақ қайтеді?

+1 дауыс
820 қаралым
Не ғой достар біздің тіркелгенімізге аз болды ғой,модераторлардың бізге қарағанда тәжірибелері бар,.Неге менің сұрағымды жапты немесе минус қояды деп ешкімге ренжімей-ақ бір-біріміздi түсінісуге тырысайықшы..Ешкім бәрін біліп дүниеге келмейтiнi секiлдi,бұл сайтты бір екі үш күнде меңгеріп алмайтынымыз анық қой.Модератор,редакторларға дөрекілік көрсетпи-ақ,жақсылардан үйреніп,сайттың өркендеуiне үлес қосайықшы.Жаңа айтабер сайтында Jako деген бiр модератор ренжіп,енді бұл сайтқа кірмеймін деп ренжiп жазыпты.Оған себеп менің түсінуiмше жаңадан кiрген қолданушылардың бұл модератормен дұрыс түсiнiспеуi екен.Өзiмiздiң орнымызды бiлейiк,"есіктен кiрiп,төр менiкi"дегендi қояйықшы..
• Санаты: Жалпы сұрақ Белгісіз

4 жауап

0 дауыс
дұрыс айтасы....дөрекілікті қойған дұрыс
басқа жазарың жоқ па? бір-ақ сөзбен жеткізе салдың ба ойынды? аз да болса ойынды қоса түс.
басқа не деп жазарымды білмеймін, себебі адамдар өздері ойланбаса қанша аитсанда ешкім түсінбейді бастарында ми болмаса)))
Zhanik-kz бүгіндікке алпыстан аса сұраққа "жауап" беріпсің.  оның жартысынан көмінде берген жауабың бір сөйлемнен аспайды. бұндай жауаптардың адам баласына тигізер пайдасы күмәнді. сондықтан жауап жазғанда нақты әрі толық жазып үйренсеңіз екен. "иә келісемін", "дұрыс айтасың" деген жауаптың орнына + қоя салыңыз.
0 дауыс
Сұрақ-Жауап сайтына барлық қолданушылар маңызды. Сайттың тірегі қолданушылар. Өтпелі ренжу деп түсіндім, бір оқиғаға бола бүкіл еңбегін зая кетірмес. Шәйнек болып түсінбесеңдер "модераторлар" қашанғы түсіндіреді. (бірақ,міндеті) Сайттың жоғарсында FAQ-көмек-ты оқып шығыңыздар. Қандай да бір атақ иесі бол не, болма не сіздерге келіп кетер пайда қандай? Ең бастысы нақты жауап беріңіздер, сізді сыйлап, қолданушылар бағалап жүрсе сол да болады. Өзімізге дұшпан емес, дос іздейік. say QaraSaqal.  Бәрі уақытымен келеді, әсіресе "тәжірбие". Адамға туыла сала сақал өспейді, уақыты келгенде өседі. Мен өз орнымды білемін, алдыңда да айтып едім қарапайым қолданушы болғым келеді деп админге, бүгін орайы келіп бәрі шешіліп қойылыпты. :)
+1 дауыс
D.Akmaral  мың жаса. көп рахмет түсіндіріп айтып жатқаныңызға. иә соңғы кездері кіре сала сайт былай, сайтта солай, модерлер мындай редакторлар сондай дейтіндер тым көбейтіп кетті. сендер айтып айтып қоя салатын шығарсыз. ал сахынаның бергі жағында (конференцияда) сол үшін үлкеен даудамай болады. сондықтан сөйлегенде сын, мін таққанда орнымен болса екен деймін. бүгін де оқиғасыз болмады. тіпті ешқашан модерлер мен админ былай алысқа барғанын көрмеген едім бұрын. көркемнің де ащуының біраө жерге дейін баратынын байқадық. не де болса арты жақсы болсыншы. өтініш, сайт ережесін оқыңыз, сұрақ жабылса түсіністікпен қараңыз, сайтымыздың үлкен ағасы ренжіп, енді күрмеймі деп жатыр. оған қатты қапа болып отырмын.
Конферецияға кіруге ұялып жүрмін, енді  қай бетіммен, қай дәрежеммен кіремін? ел не диді?онсызда  жөнді сөз жазбаймын, короче Абылай төрелігінді айт?!
не бет моншағың төгіліп отыр соншама ))) бір кірген адам шықпайды деген пункт бар ғо конференция ережесінде )) (сол пунктты негізге ала отырып кіресің)
)))))))))))))))))))))))))
0 дауыс
D.Akmaral  айтқаныңыз өте орынды, бірақ сіздің қойған сұрақтарыңызға шолу жасап көрейікші   [мынау сұрағыңыз  адамдардың көңіл-күйін білу туралы][1], бірақ сіз адамдардың қандай көңіл-күйде болатынын біліп алып не істедіңіз? Әлде басқа жұрттарға пайдасы тиді ме екен?  [Мына жерде әнұранды қашан соңғы рет айтқаны туралы сұрақ.][2] Құдай-ау, ол кімге керек?  [Мына жерде адамдардың арманын сұрапсыз][3]. Сырласуға агент жетпей жатыр ма? Осында келгелі жібі түзу сұрақ қойдыңыз ба? [FAQ-Көмек][4]ті оқуға ерінесіз, ал сұрақ қойып, сайт басшыларына келгенде айылыңызды жимайсыз. Ұят қайда? Біреу "Қайрат Нұртастың мына әнін ұнатасыз ба?" деп сұрақ қойса "Ия, қатты ұнайды" деп жауап беріледі. Ол кімге керек? "Есіктен кіріп, төр менікі" мынауыңыз тіпті ұйқаспай тұр, керісінше "Сұрақ-Жауаптың" төрдегі басын есікке сүйреп біттіңдер!


  [1]: https://surak.baribar.kz/91447/
  [2]: https://surak.baribar.kz/89883/
  [3]: https://surak.baribar.kz/89279/
  [4]: https://surak.baribar.kz/faq
Ымм..''артық қыламын деп,тыртық қылған сияқтымын"!Мен тек көмектескім келді.Қалай қабылдасаңызда өзіңіз біліңіз,мен ақылсынғымда келген жоқ.Тек біреулер мені түсінер деп ойладым.Сіз айтқан,сынаған сұрақтардың  барлығында өзім жаптым.Қайрат Нұртастың өлеңіне иә,қатты ұнайды деп жауап берсем демек бұл менің қатем,оны түсіндім!!!Бұл сұрақтыда жаптым,пікіріңізге рахмет!Мен жақсы қолданушы болуға тырысам!!!
D.Akmaral сіз де айып етпеңіз. мод редттердің шо та ауа райы бұзылып жүр, өзімнің не мейірімім тасып жүрген жоқ соңғы кездері. оның өз себебі бар. әлі алда үлкен өзгерістер жатыр. сұрағыңызды жасырмауды өтінемін.

Ұқсас сұрақтар

127,777 сұрақ
322,353 жауап
153,150 пікір
72,815 қолданушы