+2 дауыс
1.4k көрілді
Жер бетінде қаншама халық бар, сол халықтардың барлығы күн сайын қап-қап қалдық заттар(мусор) шығаруда. Бірнеше жылдан соң сол қалдық заттар жер бетін басып кетпесіне кім кепіл?! Мен бұл сұрақты еріккеннен қойған жоқпын, маған біреу осы сұрақты қойып, не істеу керек дегенде мені ойландырып тастады. Шыныменде, бұл қоқыс тасталатын жерлердегі қоқыс қайда кетіп жатыр? Бәрі бірдей өңдеуге де келмейтін шығар. Ал, өртесек озон қабатын бұзады екен, сонда бұл атмосфераның бұзылуына әкеледі. Менің сұрағым, сонда бұл қалдық заттарға қандай амалдар қолдану керек? Тұшымды жауаптар күтемін!

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Олардың біршама, яғни нақтырақ айтсам 50-60пайызын қайта өңдеуге жібереді.Мысалы қарапайым Абылай аға жақсы көретін кока-кола бөтелкелерін қоқыстан теріп алынады да, өздерінің заводтарына қайтадан жөнелтіледі.Және Оларды бірінші ысы буу бар бөлмеге қояды, одан кейін ішін бір ұнтақтармен жуады, оны шаяды.Сосын ішіне сусынды қуйып, қайтадан сыртына жапсырмалау бөліміне жібереді.ия осылай! және бір қалада қоқыс тауы бар атын ұмытып тұрғанымды қараш.... қазіргі кезде Қытайда 10млрд тонна қоқыс бар...міне қараңыз
Ғылымда болмаған жұқпалы дертердiң қытайдан пайда болуының себебi осы қоқыстардан шығар мүмкiн.
Белгісіз
ия мүмкін вирус таяқшалары ауамен ілесіп көршілес елдерге сапар шегеді)
суретте қараңыз тек 1ғана адам перчаткамен жұмыс жасап жатыр ал қалғандары...білмеймін не ойлап жүргенін....
Қытайда не гигиенично істепватр екен,Анау АҚШ-та автоматтандырылған машиналар жасайды.
+2 дауыс
жоқ жер бетін мусор бірнеше жылдың ішінде баса қоймайды, себебі  қазір жаңа технологиялармен қоқысты өңдеу зауыттары салынып және әтті жұмыс жасап жатыр!
+2 дауыс
Құрдасым саған Discovery Channel каналын қарауға кеңес беремін. Ол қоқыстарды жасанды мұнай қылып шығаруға болады деген болжамдары бар ғалымдардың. Және тәжірибе жүзінде істеп көрмек.
+5 дауыс
Ешкiм ойлай бермейтiн бiрақ көңiлге қонымды сұрақ қойыпсың. Қоқысты қайда сақтау керек екенi бұрын ғалымдардың зерттеуiнде болған нәрсе екен. Зерттеу нәтижесiнде ең пайдалы шешiм қоқыстарды тереңге көму керек болып табылған. Қоқыс дегеннiң өзi қайдан келедi. Олар да бұрынғы тұрмыстық заттар, табиғи өнiмдер, яғни түптiң түбiне келгенде жер қойнауынан алынады. Оларды жерге көмсе ғасырлардан соң, жер астындағы шикiзатқа айналады, қоршаған ортаға зиянсыз болады. Мен осыны бұрын оқығам, соны өз сөзiммен түсiндiрiп отырғаным. Алайда ғалымдардың айтқанын жасап жатырған жоқпыз, тек үйiндi қылып үйiп жатырмыз. Бiр кездерi қара темiр ешкiмге керек емес болып далада жататын. Қазiр ол бағалы нәрсеге айналғандықтан қоқыстан да iздеп табу қиын. Ендi қоқыстан жасанды мұнай жасайтын ғылым пайда болса,қоқыс саудаға салынып, нарықтан орын алуы ғажап емес. Ол кезде қоғамда вирустық аурулар көбеюi мүмкiн.
...