0 дауыс
4.9k көрілді
Инсульт жайлы не білесіздер?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Инсульт басқаша миға қан құйылу - жедел ми қан айналымының бұзылысы болып табылады. Инсульттің басты себебі -бас миына қан алып келетін тамырларының зақымдануы. Жиіжүрек- қан тамыр жүйесінің атеросклероздық және гипертониялық бұзылыстармен бірге жүреді.
Инсульт екіге бөлінеді:
1-ші - геморрагиялық (бас миына немесе оның қабықтарына қан құйылу. 2-ші ишемиялық (бас миының инфарктісі).
Толығырақ, оқығыңыз келсе:http://www.zhardem.kz/news/1285248899.html?PHPSESSID=e8ab7f124ef8afafa75d0db098263b82
http://www.aorda.kz/?p=9924
+2 дауыс
Инсульт (лат. insultus - соққы,
кыспа талу, инсульт) - ми
тканінің зақымдалын, оның
қызметінің, мидағы қан
айналысының кенеттен
бұзылуы; осының салдарынан
миға қан құйылады, немесе ми
тамырлары бітеліп қалады
( тромбоз). Инсульттың басты
себебі — гипертония ауруы
және ми тамырларының
атеросклерозы. Оның пайда
болуы қан айналысының
гасуына байланысты. Көп
ретте ауру адам кенеттен
құлан қалады, есінен танады;
оларда аяқ пен қолдың
парезы (сал болуы) әдетте
дененің бір жағынан
басталады, тілі күрмеледі,
алғашқы сағаттарда тыныс
алуы бұзылып, денесі
тырысады, құсады. Көптеген
ауру адамдарда инсульт
кенеттен пайда болғанымен,
осының алдында оның
нышандары білінеді. Мәселен,
гипертония ауруы және
атеросклероз кезінде адамның
басы айналады, миы зеңіп
ауырады. Сырқаттың сырт
киімін шешіндіріп, бас жағын
көтеріңкіреп кереуетке
жатқызу керек; адамның
жатқан қалыптан қозғалмауы
шарт. Дәрігерді дереу шақыру
қажет. Мұндай науқаспен
ауырған адам ерекше күтімді
қажет етеді
...