Бұдан бұрын қанша заң болса да, қанша қадағалау болса да жемқорлық тоқтамаған едi. Ендi жақында елбасы осы тақырыпты ерекше қозғағаны себептi шамалы азаюы мүмкiн. Себебi, Маңғыстауда бiршама шенеунiктер жемқорлық жасағаны анықталып, жауапқа тартылған болатын. Жемқорлықты жою сiз бен бiзге, яғни қарапайым халыққа да байланысты. Осындай жағдайға тап болсақ құзырлы органга (қаржы полициясы) шағымданып, дәлелдеуге тырысып барынша жұмыстануға құқығымыз бар. Қанша дегенмен демократиялық мемлекетпiз. Коррупция жойылса ел жақсарады, ақшалар жеке қалтадан емес, бюджеттен орын алады. Бюджеттiң 90% астамы салықтан жиналады. Ал оған тиесiлi ақшаның 30% жуығы коррупцияның еншiсiнде кетедi.(тек мемлекеттiк жүйенi айтқаным). Яғни 130 мектеп салуға тиiс қаржы 100 мектеп салуға ғана жұмсалады деген сияқты ғой. Жемқорлықты жоюға жұмыстанайық!