Бюджеті соншама қымбат болса, неге соншалықты атағы жер жармады.... неге ең құрымағанда өз құнын ақтап шыға алмады?.... неге қазақтың аса дарынды қолбасшысын, ел басшысын, ханын жөндеп көрсете алмады? Қытайлар осындай қаржыға 20 сериалы Шыңғысханды түсірді. Сонда 1 сериалы Көшпенділердің сиқы осыма? Шет елдік әртістерді шақырғаннан не ұтты? Сондай жас, дарынды әртістер өзімізде табылмаспа еді? Голливудқа шығарамыз деді... қайдағы голливуд Қазақстанның өзінде шаң қабып қалды.... Сізді түсінемін қанша айтқанымен өзіміздің кино, өзіміздің тарих жамандамағанымыз дұрыс болар дегіңіз келіп отыр ғой. Бірақ қанша айтқанымен шындықты бетке айту керек қой... Көшпенділер жасыратыны жоқ жемқорлардың апанына тап болды... Ақша киноға емес, шенді шекпенділердің қалтасына кеттіме екен, шет ел асып кеттіме екен кім біледі???