Баяндама...әлде хаттама? Хаттама жазған кезде, әуелі хаттаманың нөмірін жазады, сосын жиналыстың болған күнін жазады. Сосын күн тәртібінде дейсіз де, мәселелерді жазасыз. Сосын жиылыстың қорытындысын жазасыз, жиналыста қандай қорытындыға келіп, қаулы беріледі. Мсыалы, мынадай түрде жазылады:
<p>
№1 Хаттама
18. 10. 2011 ж.
2011 жылдың 18 қазан күні сағат 10.30-да 5А сыныбында ата-аналар жиналысы болды.
Барлығы:17
Қатысқаны:14
Күн тәртібінде:
Мына жерге жиналыста қозғалған мәселелер жазылады.
Тыңдалды:
Сосын мында кімнің не айтқанын жазасыз. Мына ата-ана былай деді, сынып жетекші былай деді дегендей.
Қаулы:
Мұнда жиналыс нәтижесінде ненің жүзеге асырылуға тиісті екендігі жазылады, міндеттер жүктеледі.></p>