Абай Құнанбаев
(1845-1904)
Абай Құнанбаев - белгілі қазақ ақыны, ағартушысы, ойшылы, қазақ ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Абай (Ибрагим) Құнанбаев 1845 жылы 10 (23) тамызда Семей облысы Шыңғыстаудағы Тобықты руында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы) дүниеге келген. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы Тобықты руының басшысы, аса ірі феодал, уездің аға сұлтаны болған адам. Бала Абайды парасатты да талантты анасы Ұлжан мен әжесі Зере тәрбиелеген.
Абай алғаш рет ауыл молдасы Ғабитханнан сауат ашқан.
Одан әрі он жасар Абай Семей қаласындағы Ахмет-Риза медресесінде оқыды. Медресе тәртібін бұза отырып, орыстың приходская мектебінен білім алды. Араб, парсы, т.б. шығыс тілдерін тез меңгерген Абай Шығыстың атақты шайырлары -Навои, Низами, Саади, Фирдоуси, Джами, Хафиз, Сайхалидың шығармаларын оқыды. Олардың гуманистік көзқарастары Абайдың дүниетанымының қалыптасуына өз әсерін тигізді. Өзінің ерекше талантының арқасында Абай оқуда үлкен жетістіктерге жетті. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ Абай поэзияны меңгеріп қана қойған жоқ, өзі де өлең жаза бастады./"><img src="
title="" alt="" /></a>