Қарғыс деген не? Кең ауқымда талқылап берсеңіздер.

0 дауыс
15.7k қаралым
Біреуді аңдамай сөлеп ренжітіп алдым. Артынан өзім түсініп кешірім сұрадым. Ол мені кешірмеген сияқты, жақында "Жүрегіңде ешкім болмасын" деп қарғады да артынан Аумин деді. Қарғыс деген не сонда? Қарғыс ұғымын нақты түсіндіре аласыздар ма?
Салт-дәстүр туралы

5 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
"Жүйелі қарғыс жүйесін табады, жүйесіз қарғыс иесін табады" деген, қарғыс деген біреуге жамандық тілеу. Яғни кек десе де болады. Қарғау, әрине жақсы емес. "Таспен ұрғанды аспен ұр" деген мақалды ұстаныңыз.
+1 дауыс
Қарғыс деген теріс бата тәрізді ғой.Жақсы тілекке қарама-қарсы ұғым.Жаман ниетте айтылған сөз.
Баяғыда  Жоңғар мемлекетінен бір адам  (қалмақ қой деймін) Қазақ жеріне тұтқынға әкелініпті.Жаугершілік заман ғой.Ол тұтқын қарғыс айтудың шебері екен.Содан Абылай хан оны сынамақшы болып маған дүниедегі ең жаман қарғысты айт дейді.Сонда тұтқын "өзің білме, білгеннің тілін алма" - деп айтқан екен.Абылай хан шошып кетіп, "мынауың ең жаман қарғыс екен ," - депті.Яғни, қарғыс жаман сөз.
+2 дауыс
Қарғағаның қара басына келсің деп жүре бер. Әркімнің айтқан пікірін қыстыра бермей, өзіңе керегін ал. Қарғыс яғни лағынет айту. "Жүрегінде ешкім болмасың" дегені ешқашан ешкімді жақсы көре алма, ешкім ғашық болмасын дегендей.
Былай енді: Лағынет болсын дегеніміз Аллаһу та’аланың рахметінен (мейірімінен) ұзақ болсын дегенді білдіреді. Лағынет айту, бетдұға айту (қарғау) жақсы емес. Өйткені хадис шәрифте: «Бір адам лағынет айтқанда, лағынет айтылған адам бұған лайықты емес болса, бұл лағынеті өзіне қайтады.» делінген. (Бәйһақи)
[мәлімет][1] алынған діни сайт.


  [1]: http://islamdini.kz/articles/view/629
0 дауыс
Қарғыс[1] - зәбір-жапа шегіп, қорлық көрген, азапталған адамның жәбірленушісіне ашынып айтқан зілді кейіс сөзі, лагнеті; парапсихологияда тіршілік иесінің жөбірлеушіге қарсы кері әсерлі қуат күші. Жан-жануарлар да, өсімдіктер де, жер ана да, аруақтар да өзін қорлаушыға Қарғыс айтады. Қазақ халқы Қарғысқа өте абайлап қараған. Сондықтан қазақ ұрпағына "қарғыс алма, алғыс ал" деген онегелі осиет қалдырған. Ертедегі түркі жазба ескерткіштерінде, әсіресе, М. Қашқари сөздігінде «қарғыс» мағынасындағы сөздердің мынадай тұлғаларын ұшыратамыз — қарғағ, қарғыш. «Қарғыс» сөзінің төркіні боларлық алғашқы мағынаны да осы сөздіктен табамыз: қырға — ұрысу, балағаттау, ал қырғағ — ашу, ыза, қаһар; жаза ұғымдарында қолданылған. Осыларды салыстыра қарасақ, тұңғыш мағына «ашу», «ыза», одан туындағаны — «ұрысу» болып, мағына ауысуының тоқтаған шегі — «жаза» болса керек деген ойдамыз. Қазіргі түркі тілдерінің ішінен — якут тілінде «қарғыс» сөзінің алғашқы тұлғасы мен мағынасы болар дерліктей мәлімет те бар. Якуттарда: «харгыс» тұлғалы сөз «кедергі, бөгет болу, қиындық туғызу» сияқты мағыналар орнына қолданылады. Бұл да кейін пайда болған туынды мағына деуге болады. Өйткені, ұрысушы адамдар ызаланып, біріне-бірі қастандықпен кедергі, бөгет болуы да мүмкін нәрсе.
Ал Қарғыстан құтылуға болады ма екен? Болса құтылудың қандай амал - шарттары бар?
Жалпы Қарғыс қате айтылған жағдайда айтқан адамның өзіне тиеді деп естігем және қазақта Әке қарғысы-оқ,шеше қарғысы-боқ деген сөз бар.Әке қарғысы жібермейді.Негізінен қарғыс алмауға тырысқан жөн
0 дауыс
Ассалаумағалайкум, бір қарғыс кетіру үшін 1 000 бата керек, қасиетті айларда көп жақсылық пен садақа жасаңыз дар!

Қазір де жасай бердіңіз, әдемі кетеді мысалға сіз еркексіз онд әйелдерге бергені дұрыс садақа, ал сіз әйел болғана онда ер адамдарға берген дұрыс!

Аллаһ тың өзі, қолдасын сондан құтылуға нәсіп етсін әумин!
127,680 сұрақ
322,219 жауап
153,247 пікір
72,703 қолданушы