0 дауыс
9.1k көрілді
Көкейімде жүріп өзегімді өртеп жүрген сұрағым осы махаббат, жақсы көру, сүю, ғашықтық, құмарлық, құштарлық туралы. Өз басым махаббатты былай бөлер едім. Адам мен Алла арасындағы махаббат —имандылықтың, ер мен әйел махаббаты — отбасының, Отанның беріктігінің, ұстаз бен шәкірт махаббаты — білімнің, ата-ана мен бала, туысқандар арасындағы махаббаттар — елдіктің. Жақсы көру - алдамшы сезім, құмарлықпен және құштарлықпен іспеттес. Себебі неге десеңдер Абай атамыз айтқандай ғашықтық пен құмарлық - ол екі жол. Ал сүюді ғашықтықпен теңестірер едім. Кешірерсіңдер бұның барлығы философияны оқып басым қатып кеткеннен шығар. Бұл сұрақтың пайда болу себебі Айтабер блогтұғырына 100 факт жазайын деп жатқанда махаббатқа келгенде басым қатып кетті. Мен өзі шынайы түрде сүйіп, ғашық болып көрдім бе? деген сұрақ туындады. Сол кезде мақсат, мұрат қойып қыздың ішкі сұлулығына 1 және 1-ші рет ғашық болған екенмін дедім. Ал оған дейін ғашық болғаным құштарлық пен құмарлық дер едім, яғни алдамшы сезім. Тіпті оларды ғашықтық деп те атамас едім. Ал енді сұрағым жақсы көру, құмарлық, құштарлықты махаббат санатына жатқызуға бола ма?

4 жауап

+1 дауыс
Махаббатқа-жақсы көру,құштарлық,құмарлықты,сүйіспеншілікті,нәзіктілікті жатқызуға болады!
Қиын, қиын. Біреуді тану қиын - өзіңді өзің тану оданда қиын.
+1 дауыс
Бiраз нарсенi озiн де тусiндiрiп тастапсын. Дегенмен мен де философиялык ой косайын, мумкiн пайдасы болып калар.
Ар бiр адам махаббатты
болашагымен байланыстырып,
ой елегiнен откiзу керек. Ягни
унатып калу ушiн де ойлану
керек. Махаббат - табиги сезiм,
озгерте алмайсын деген
создерге косылмаймын. Гашык
болатындар - уакытша сезiмге
берiлу, куйзелу, ансау,т.с.с
аркылы адам психологиясынын
аздап ауыткуы. Ар адам озiнiн
бакыты ушiн куресуi керек. Ал
бакыттын - махаббатка да
катысы бар. Махаббатынды
тандау кезiнде омiр бойы бiрге
тура алатындай сенiм бар ма,
жок па соны ажыратып алу
керек. Мысалы: 1.гашык болган
адамына мiнезiнiз сайкес келедi
ме?; Егер сайкес келмесе,
уйленген жагдайда, жиi
келiспей калуыныз мумкiн, бул
улкен бакытка апармайды. 2.ол
сенi сыйлайды ма?; мысалы,
кейбiр махаббат кейiпкерлерi
болады, бiрi артынан жугiрiп
журедi,екiншiсi оган
карамай,менсiнбей
журедi,кейде бiр-бiрiн
балагаттайды.бул жагдай-
мулдем баянсыз махаббатка
жол ашады.3. Жубыннын
барлык психологиясын,мiнез-
кулкын ескерiп,сонымен
косылган жагдайдагы 10
жылдан кейiнгi уакытты коз
алдына акелiп кор... Осы
ушеуiнен терiс результат болса,
онда оган гашык болманыз ))).
Ал, результат дурыс жагынан
балса - сол жанды нагыз
махаббатын ретiнде тандауга
болады. Калгандары озiн айткандай уакытша сезiм, кумарлык.
+1 дауыс
Жатқызуға болады! Себебі өзің айтқандай махаббаттың түр-түрі бар да (бала махаббат, адам мен Алла арасындағы махаббат, қыз бен жігіт, т.б.), махаббат сезімдерінің де түр-түрі бар (Сыйластық, алдамшы сезім, құмарлық, құштарлық)
Құмарлық пен құштарлықты жеңу нағыз сұрапыл соғыс. Сезімдерді ажыратудың қиынын-ай?!
0 дауыс
Философия ол сондай мылжың ғылым, ғылым депте айтуға келмейді. Абай атамыз Ислами философияда бағытталған. Ислами адам жанын "нафс" деп қарайды, ал нафстан шығатын нәрсенің бәрі жамандық, яғни жануарлық сезім.Бұл жерде адам, періште және жануардың ортасында тұрған маxлұқ.
...