Әңгіменің авторын тауып бере аласыздар ма?Әңгіме сюжеттерін сұрақ ішіне жаздым

0 дауыс
384 қаралым
Бұрын бір кітап оқыған едім.Ол кітаптың сырты жоқ, яғни авторын білмеймін.Қысқасы, сол кітапта "Қыз күнделігі" деген әңгімесі бар.Ондағы әңгіменің сюжеті былай, бір кеңес өкіметі уақытындағы студент қыз өз басынан кешкендерін күнделік ретінде жазады.(Негізі, бұл әңгіменің авторы еркек  жазушы болу керек) .Қысқасы, бір жігіт 1-курстан бері одан көзін алмай жүріп ғашық болады.Кейін ол жігіт пен жаңағы қыз үйленбекке келіседі.Бірақ, жігіттің әкесі саудагерлерді жек көреді екен.Ал, қыздың әкесі сауда жағында жұмыс жасайтын көрінеді.Сосын, тура той болар күні  жігіттің әкесі жігітті ауылда  тойға барайын деп тұрған уақытында погребке қамап кетеді.Қысқасы, маған осы әңгіменің авторы кім , соны тауып беріңіздерші.
Бұл кітапта сондай-ақ,  бір  тарихи әңгіме бар, бұл оқиға Оңтүстік Қазақстан жақта өткен.Қысқасы, Қаратау тауы маңында.Бір 4 жігіт болады.Үлкен 3 жігіт ұрлықпен айналысады,ал кішісі оларға қарағанда имандырақ, адал болады.Бірақ, ағалары бір себептермен інілерін көзін байлап айдаладағы бір жартас жаққа апарып тастайды.Қысқасы, маған осы әңгімелердің авторы кім , соны тауып беріңіздерші.
• Санаты: Кітап, Әдебиет

2 жауап

+1 дауыс
Авторы-Еркінбай Әкімқұлұлы!бұл повесь 1985-87жылдары орыс тілінде'Дневник девушки'атымен басылып жазылған!
0 дауыс
Жадыра деген қыздың (ол кезде қыз болғанымен бұн күнде бақилық, 1953 ж.т) жазған күнделігі бойынша Мұрат Кү­ лімбетовтың редакторлық етуімен «Жүрегімнің жолдамасы» деген кітабындағы әңгiме емес пе.
Белгісіз

Ұқсас сұрақтар

127,776 сұрақ
322,351 жауап
153,150 пікір
72,810 қолданушы