–1 дауыс
925 көрілді
"Балалардың кеңістікте бағдарлауын дамыту" туралы курсты жұмыс жазуға көмектесіңізші өтініп сұраймын?

1 жауап

0 дауыс

Кеңістікті бағдарлау үшін

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Балапан» II – інші кіші топ

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: Кеңістікті бағдарлау

Мақсаты: Суретте және өзіне тікелей жақын кеңістікте орналасқан заттардың бағытын ажырату (алдында-артында), (жоғары - төмен) түсініктерін қалыптастыру.

Суретте және кеңістікте заттардың орналасу бағытын ажырату және атау (алдында-артында), (алды – арты),

(жоғары - төмен); дөңгелек пішінді заттардың суретін салуды жалғастыру. Тәрбиешінің айтқанын тыңдауға үйрету. Воскобович ойындарын дұрыс қолдана білуге жаттықтыру.

Қажетті көрнекіліктер мен құрал- жабдықтар: Әр балаға көк және қызыл түсті қарындаштар, Ұл баламен қолында шары бар қыз баланың суреті,(бәрі 1 данадан ұшақ, ара, көбелек, құс,).

Сөздік жұмыс: алдында, артында.

Қос тілді компонент: алдында – впереди, артында – позади.

Оқу іс –

әрекетінің

түрі


 

Тәрбиешінің іс - әрекеті


 

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Ғажайып сәт. «Ұшады, ұшпайды»

(үлестірмелі материалмен жұмыс)

Тәрбиеші балалардан ұшатын заттарды, жәндіктер мен құстарды атап берулерін сұрайды.
 

  • Үстел үстіндегі ұша алатын заттарды таңдап алыңдар. Тәрбиеші олардың жоғарыда немесе төменде ұша алатындығын айтады.

Қызығушылық танытады.

Балалар атайды: ұшақ, құс, көбелек, ара.

Ұша алатын заттарды таңдап алады. Тәрбиеші «жоғары» дегенде оларды жоғары

Көтереді, «төмен» дегенде төмен түсіреді

«Алдында-артында» ойыны

Тәрбиеші балалардың назарын келе жатқан машинаның суретіне аударады.

  • Машинада не келе жатыр?

  • Машинаның алдында не келе жатыр?

  • Машинаның артында не келе жатыр?

Сөздік жұмыс: алдында, артында.

Қос тілді компонент: алдында – впереди, артында – позади.

Сергіту сәті. «Шар үрлеу»

Тыныс алу мүшелеріне арналған жаттығу.

Балалар суретті қарастырады.

-Қасқыр

Қоян

Қайталайды: алдында, артында.

Қайталайды:

Алдында – впереди,

Артында – позади.

Балалар үлкен шардан бастап, кезекпен үрлеу.

Ұйымдастыру кезеңі

«Шарларды аяқтап сал» ойыны

Тәрбиеші жұмбақ жасырады:

Бала біткен мәз мейрам!

Ертеңгілік тойланар,

Көңілге шат әкелер

Түрлі түсті көп... (шарлар)

Тәрбиеші суреттен шарларды табуды сұрайды.

  • Біз шарлар ұшып кетпес үшін, желі шығып кетпес үшін не байлаймыз?

  • Кім қолына шар ұстап тұр?

  • Оның шарлары қандай?

  • Ал ұлдың қолында не бар?

Баланың қолына қыздың қолындағыдай шарлардың суретін салыңдар.
 

  • Балаға қандай шардың суретін салып бердіңдер?

«Қандай пішін?» ойыны

Балалар сиқырлы кілемшедегі геометриялық пішінді көрсетіп, қандай пішін екенін атап, сол пішінді қолдарындағы ойыншықтан жасап көрсетуін сұрайды. (Үшбұрыш, төртбұрыш)
 

Жұмбақтың жауабын айтады: шарлар.

Сұрақтарға жауап береді.

-Жіп

-Қыз

-Үлкен қызыл және кішкентай көк.

-Жоқ

-Шарды байлайтын жіп бар.

Баланың қолына қыздікі сияқты шардың суретін салады.

-Үлкен қызыл және кішкентай көк.

Рефлексиялық- түзетушілік

«Көршіңді тап»ойыны

Тәрбиеші балалардың бірінің артынан бірі тұрып, паровоз жасауларын өтінеді. Әрқайсысына жақындап келіп, алдында тұрған баланың атын атауды, кейіннен әрқайсысының артында тұрған баланың атын атауды сұрайды.

Балалар паровоз жасап тұрады. Алдында және артында тұрған баланың атын атайды.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Кеңістік бағыттарының атауларын (алды – арты), пішіндерді дұрыс жасайды

Түсінеді: Заттардың орналасу бағытын;

Қолданады: іс - қимыл кезіндегі заттардың орналасу бағытын (алдында –артында),(жоғары – төмен)

https://infourok.ru/keistikti-badarlau-shin-mektepke-deyingi-trbie-943660.html

...