Конденсатордың қандай түрлері бар?Пайдасы бар ма?(физикадан) қайдан алса болады

0 дауыс
19.4k қаралым
Маған физика пәнінен тапсырма беріп еді.Конденсатордың түрлері және суреттері.Тауып берулеріңізді өтінемқайдан алса
Мектеп

1 жауап

0 дауыс
Әр аттас электр зарядтарын толыққанды жинақтау үшін конденсаторлар пайдаланылады. Конденсатор деп қалындығы өткізгіштердің мөлшерімен салыстырғанда аз диэлектрикпен бөлінген астарлар деп аталатын екі өткізгіштен тұратын жүйені айтады. Жазық конденсатордың сыйымдылығы пластиналар ауданына және пластиналарды бөлетін диэлектриктің салыстырмалы диэлектрлік өтімділігіне тура, ал пластиналардың ара қашықтығына кері пропорционал екендігі тәжірибе арқылы анықталған.
Конденсаторлар техникалық құрылғыларда электр зарядын жинақтау үшін кеңінен қолданылады. Конденсатордың электр зарядтарын жинақтау және сақтау қасиеті, мысалы, электрондық фото жарқыл алуда пайдаланылады. Бұл аспапта конденсатор гальваникалық элементтер батареясынан ұзақ зарядталады да, арнайы шам арқылы тез разрядталады.
Лейден банкасы - алғаш рет XVIII ғасырда жасалған конденсатор, сыртқы және ішкі жағынан станиолмен (станиоль-қалайының жұқа қабаты) желімделген банка түрінде болады. Қағаз конденсаторда астар ретінде станиоль жолақтары, ал өткізбегішке - парафин сіңдірілген қағаз қиындылары алынады. Электролиттік конденсаторларда астардың бірінің қызметін атқаратын фольга жолағы екінші астардың қызметі атқаратын электролит ерітіндісіне салынады. Диэлектрик ретінде фольганы жабатын тотық алынады. Кейде конденсатордың сыйымдылығын өзгерту қажет болғанда, айнымалы сыйымдылықты конденсаторлар пайдаланылады.....
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы