+7 дауыс
1.8k көрілді
Осы неге бәрі шымкенттіктерді жақтырмайды? Бәрі ой южани деп, негізінде шымкенттіктер мейірімді болып келеді ғой!

20 жауап

+6 дауыс
Мен алматыда болғанымда, бір ретінде дәретханадағы жұмысшыдан "қол кептіргіш мәшіненің неліктен істеметіндігі" туралы сұрағанымда, ол: Мәшінелер істемейді, үйткені бұларды Шімкентіктер сындырып тасатаған - деп, қысқа жауап қатқан еді.

Ал содан кейін адамға қанадй пікір, әсер қалу керек7

Бірақта бұл информ. қазыр оншалықты сенбей тұрмын.. Үйткені сөзбен құтылу үшін біреуге жаба салу оңай дүние емес пе7

Сол көз қарас осындай сөздерден туындап жатады деген ойдамын.

P S

Негізі сол жергілік бойынша, өскен жеріне қарап жалпы адамдарды пайымдамау және сараптау - дұрыс емес деп ойлаймын. Пайымдайтын болсаңыз тек жеке тұлғаның өзін ғана пайымдау керек

Қай жақтың тұрғыны, қай жақтың ұлты болсын, мен үшін бәрі бір
+4 дауыс
Мен жек көрмеймін)
0 дауыс
Өзбек сияқты болғасын болар саудагер, пысық, сүйкімсіздеу.Халық саны  көп басқа облыстарға қарағанда сосын оларды кез келген жерден кездестіруге болады
Шымкенттіктер туралы айтканда байкап сойлендер. Создеріне жауап бере алсандар кездесетін жерлерінді айтындар. Казакстаннын кай жері болса да барамыз
неге өзбек сияқты?
Omarbekov мырзаға қосылам.Шымкенттіктер тек төбелеседі деп ойламаңдар,кез келген жанрда сөйлесе береміз
1 ден Өзбектерге қазақтың барлығы ұқсайды,себебі түркі халқымыз.2ден Өзбектерден не зиян көрдің ей,(АБАЙдың 2ші қара сөзін оқы)3ден Нарық заманында бәрі саудамен айналысады(СССРдің заңдарынан арылыңыз)4ден Халық көп шүкір Аллаға(шамаң келсе көбейт саныңды)5ден Қазақстан болғасын қайда жүрсе де өзі біледі.(Сатып алған жерің емес)
ЕКІНШІ СӨЗ
 
Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе - шаршап, жаяу жүрсе - демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп.
Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті» деп.
Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім.
Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһары жауласпайды! Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп сол айдап кетіп тұрды ғой. Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық - бәрі соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның малдыларына, құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз. Біздің ең байымызды: «сәнің шақшы аяғың білән пышыратырға қойған идән түгіл, шық, сасық казақ», - деп үйінен қуып шығарады. Оның бәрі - бірін-бірі қуып қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып, зор болғандық әсері. Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?
+2 дауыс

Бұл сұрақты мен қойып қойғам!!!!!!

+3 дауыс
Шым қалада туып өскен танытарым көп, жақсы араласамыз.............
+7 дауыс
Бұл сұрақтың жауабын "Неге шымкенттіктерді жақсы көруі керек? Жақсы көруге қандай себептер бар?" деген сұрақтарды қоя отырып жауап іздеп көрсеңіз қалай болады?
+2 дауыс
Шымкенттен шыққаныма қарамастан, "Шымкенттікпіз" деп бөлінетіндерді мен де жек көремін.
Маселе онда емес қой. Шымкенттің адамдарын өздерін бөлектейді. Сен не шымкенттенсін ба не?-деп. Әңгімелесіп отқанда анау шымкентен деп қоймайды. )))
Ия! Кайдансын дейт айтасын Шымкенттен! ол айтад Коеее!!!!!!!! не сонда Шымкенттиктерге тан калудын кажети жок го бундай да!
кідәй ау күңкілдеп жатқан түрлеріңнен айналдым.))))
(ит жылғы жауап екен, сонда да бірдеме демей өтіп кете алмадым)
+5 дауыс

Шымкентті жамандай берудің қажеті жоқ! Шымкент сенің наныңды тартып жеген жоқ!!!!!!!!!!!!enlightened

+1 дауыс
Кім жақтырмайы айтшы өлтірем
Міне, осы үшін жақтыртпайды =)
+1 дауыс
Кім жақтырмайды бәрі жақтырады
+1 дауыс
Себебі, Шымкенттіктерді көре алмайды кейбір қазақтар, неге екенін білмедім. Өзім Шымкенттің қазағымын, сол үшін әрқашанда мақтанып жүремін. Ал Шымкенттіктерді жамандап, жақтырмайтындарға айтарым, сендердің пікірлерің ешкімге маңызды емес, сендердің Шымкентті жамандауларың бүкіл қазақтарды жамандауларыңмен тең, нағыз қазақтар - Шымкентте, оған 100% кепілдік беремін, сенбесеңдер келіп көріңдер.
Дурыс айтасын!
сендердің Шымкентті жамандауларың бүкіл қазақтарды жамандауларыңмен тең - дегенің болмайды інім, өз қалаңды өзіне көп алдыртпасай, нағыз қазақтар қайда екенін білесіңбе өзі соған кепілдік бере аласыңба
Шымкенттің қазақтары болмағанда Астана мен Алматы қалаларын орыс, қытай, өзбек, ұйғыр т.б. ұлттар иемденіп алар ма еді.. Қазақша сөйлейтіндердің пайызы бойынша ОҚО(Шымкент) бірінші орында... Оңтүстік Қазақстан облысында басқа ұлт өкілдерінің өзі қазақша сөйлейді.. Ал Астана, Алматы т.б. қалаларда көпшілік арасында бір адам орысша сөйлесе, барлығы көтектеніп орысша сөйлеп кетеді.. Назарбаевтың өзі Шымкент, Сарыағаш, Түркістан жалпы ОҚО-на келсе тек қана қазақша сөйлейді...
басқа ұлт өкілдерінің өзі қазақша сөйлейді.. дейсің, ай қайдам, өзбекке барып қазақшалап сұрасаң, саған өзбекшелеп немесе орысшалап жауап береді, сен айтқандай қазақша сөйлей алмайды
иә кейбіреулері сондай, бірақ көбісі қазақша сөйлейді.
кейбіреулері сондай деп 100 % кепілдік берме
0 дауыс
Мен өзім Батыстанмын. Шымкенттіктерде қызу қанды сияқтығо, Батыстікілер сияқты. жәнеде рэкетирство көп сияқты біздікіндей.
+1 дауыс
Ептыбайлар бәленің бәрі шымкенттен шықса жақсынын бәріде шымкенттен шығады. Жақында Астана-АТК ойнады.Егер Шымкенттік Танат Нусербаев гол салмаса не болар еді?Жаз бол салысымен қауын-қарбызды жеміс-жидектерді рахаттанып жейсіздер, соның бәрі Шымкенттен келеді емеспе?Естерінізде болсын-Қазақ вальсінің корольі-Шәмші Қалдаяқов осы оңтүстіктен шыққан.Назарбаевтін өзі жыл сайын Сарыағаштын курортына демалып келеді емеспе?Ол призидент керек болса оған Дубайға да баруға болады.Бірақ Сарыағашқа барады.Астананын құрлысын салған сол шымкенттік бауырларын емеспе?Әр түрлі Шаншар, Нысана, Бауыржан шоу, Шымкент шоу т.с.с Шымкенттен шыққан.Сосын әншілер:Қайрат Нұртас, Ернар Айдар, Еркін Нұржанов, Заттыбек))).Бәріде ШымҚаладан шыққан емеспе?Өздігінен тыныш жүрген "Шимкентский" жүрсе оған отморозоксын деп ренжітіп кетеміз.Ендеше ойланайық.Бір мемлекетте тұрып алып бір-бірімізді жамандауды доғарайық.Себебі осы сайттын админі де Шымкенттік.))
+1 дауыс
Пысық, өз есебіне мықты жігіттерді қай жерде де жақтырмайды жалқаубайлар ))
0 дауыс
Шымкенттіктердің сөздері бөлекқо, бірақ соған бола жақтырмайды деп ойламайм...
Не айтып отырсың сен! Кино,газет-журнал,теле-радио тек Шымкент тілінде сөйлейді,мектептегі оқулықтардың бәрі Шымкент тілінде жазылған,сөздің қысқасы осы ақпарат құралдарының басында отырғандар бәрі Шымкенттіктер,шетел киноларын қазақшаға аударып отырғандардың 90 пайызы Шымкенттіктер.Сен гуджок иванға айналған шала қазақсың,сондықтан сенің тілің бөлек болған соң Қазақтың,яғни Шымкенттіктердің тілдерін бөлек деп санайсың.Саған нағыз қазақша тәрбиені,ана тілді,ұлттық патриотизмді үйрету керек екен.Сонда сен де Шымкенттік биік өркениетті түсініп,көздерің ашылып,бірден 50-60 жыл алға қарай жылжып қалғаныңды сезінер едің.

Ештеңе етпейді сен сияқты көштен қалған шала қазақтардың көзін ашып,қазақша үйретіп,тіреліп қалған тығырықтарыңнан суырып алып,нағыз Қазақтың қатарына қосатын әлі де болса сол Шымкенттіктер!.
...