+4 дауыс
9.6k көрілді
Таза ауада серуендеп қыдырып жүрудің адам ағзасына қаншалықты пайдалы? Психологиялық және денсаулық жайында толық жазып бере алатын адам бар ма екен? Жауапты қысқа әрі нұсқа ретінде емес, толық нақты болса екен!

4 жауап

+7 дауыс
 
Жақсы жауап
1. Жаяу жүру - жүрек, қан тамырлары жұмысының қалыпқа түсуіне өте пайдалы. Сол арқылы қан бүкіл ағзаға тарап, қан айналысы жақсарады.

2. Денедегі барлық органдар қимыл-қозғалысқа түсетіндіктен,  ішкі құрылысымызға өзінше бір массаж сияқты әсер етеді. Яғни аяқтың, т.б. органдардың бұлшық еттерінің жұмысы жақсарады.

3. Өкпеге пайдасы мол, тыныс алу жолдары  кеңейеді. Ең бастысы, таза ауамен демаласыз.  Таза ауадан кейін тамаққа тәбетіңіз артады. Және керісінше тамақты көп ішіп қойсаңыз, жаяу жүру тамақтың сіңірілуі мен артық салмақ қоспауға, артық салмақтан арылуға көмектеседі.

4. Адам терісінің жақсаруына әсері мол. Өйткені таза ауада адам терісі оттегімен толығып, токсиндерден тазарады. Сондай-ақ адамды стресстен арылтады, жүйке жүйесін тыныштандырады.

 5. Аптасына 5 рет жарты сағаттан жаяу жүру адам өмірін екі жылға ұзартады деп естідім. Қала адамдары онсыз да көлігі жоқ болса жаяу көп жүреді. Жұмысқа дейін жаяу жүру, жаяу келу, балабақша мен мектептегі балаларын жаяу алып келу, базар аралап, азық-түлік алу, т.б. Дегенмен бұндай жағдайда адам шаршап-шалдығып, энергиясын жоғалтып келуі мүмкін. Сондықтан жаяу жүрудің өзін адам шаршамай, арнайы жаттығу ретінде қарастырғаны абзал.

6. Жалпы, ғалымдардың айтуынша, түрлі массаж кабинеттері мен тренажер залдарына барғаннан гөрі жаяу жүру әлдеқайда пайдалы екен. Ал көпқабатты үйде тұратындар үшін баспалдақпен көтеріліп-түсудің өзі - жаттығу деп ойлаймын.

7. Бәрінен де кешкі астан кейін таза ауада серуендеу пайдалы, ол түнгі ұйқыңыздың тыныш, жайлы болуына әсер етеді.

P.S. Бір қынжыларлығы, осының бәрін, жалпы жаяу жүрудің пайдасын бәріміз білеміз. Бірақ іс жүзінде орындай бермейміз...)))
+6 дауыс
Осы сайтта сіздің сұрағыңызды толығымен жауап беру үшін врач - терапевтер бар ма екен??
+5 дауыс
Сонымен қатар, тек жай жүріп қана қоймай қаттырақ жылдамдықпен жүру адам ағзасына мейлінше жақсы әсерін тигізеді, әрі өкпе жұмысын жақсартады екен, мұны физиолог ағайымыз айтқан...
0 дауыс
Адам денсаулығын сақтауда  ең басты  әрекеті  өзін-өзі  күтіну. Таза  ауада  көп жүріп, көп қимыл жасау. Сөйтіп, әрбір басқан қадамын ең әуелі дене  мүшелерін жаттығумен байланыстырып өз уақытында демалдырып ұстау. Соның  өзінде көп адамдар жете түсінбегендіктен көңіл аудармайды. Мейлінше, немқұрайлы қарайды. Сондықтан, адам тек жаяу жүрудің өзінен көп  жағдайда денсаулыққа пайда табуға болады. Жаяу жүргенде  «бет албаты» жүре  беру емес,  жеңіл-желпі киініп алып,  терлемеуге тырысып бағу керек. Егер,  көп  мөлшерде  терлейтін болса ол  денсаулыққа  зиян. Жаяу жүріп  дағдыланса, адам қартайғанда кібіртік жүрістен құтылады. Ол үшін алыдмен баяу (минутына 60-80 қадам аттап) 1 сағатта 2-3 шақырым жер жүреді, одан соң орташа  қарқынмен (минутына 80-100 қадам) 1 сағатта 4 шақырым және жылдам (минутына 120 қадам) сағатына 5-6 шақырым жүруге  болады.

50-ден асып кеткендер бұрын спортпен, дене  шынықтырумен айналыспаса, онда  жүрген кезде  тамыр соғу жиілігі 120-дан аспаған жөн. Соны  да қадағалау керек. Жүниежүзі бойынша көп жасаған адамдардың 90 пайызы осындай көп жаяу жүргеннің  пайдасынан екен. Адам өз денсаулығын сақтауда ең әуелі ас қорыту мүшелері жұмысын жақсартып, тынысталуы  дұрысталады. Сосын, денесі сергек,  еркін жүріп, еркін тұрады.

Мәселен,  Қазақстандық велосаяхатшы  «Семей-Невада» ядролық қаруға  қарсы  қозғалысының настихатшысы  Түгелбек  Қасымұлы дүниежүзін екі  аяқтың  күшімен аралаған қазақ азаматы. Соның  бір айтқан сөзінде  «мектеп  директоры  болып  жұмыс ітеп жүрген  кезімде  өзімді сергек  сезіне  алмайтынмын.  Содан,  әуелі  бұл  спортқа  келуіме жаяу жүруді әдетке айналдыруым көмектесті.  Сонда мен жаяу жүрудің  қаншалықты дене  жаттығуларымен байланыстыратынын терең  түсіндім»,- дегені бар. Демек, жаяу жүріп те асқазан, бүйрек,  бауыр,  бас,  тыныс алу  ауруларынан айығуға болады.  Бірақ  сырқатты адам әуелі  бір дегенге  ұзақ  жүруге асықпау  керек.  Біртін-біртін, денеге  күш  алу процесін баяу жүргізу арқылы  дағдылану керек. Әйтпесе,  бір  дегенде  көп жүру, адамның  жүруге деген ынтасын тез суытады. Адамның көңілі  қайтқан соң оған зауқы  соқпай  қалады.

Адам өмірінде  неғұрлым  көп  жүрсе оның соғұрлым мақсатына да жетуіне  мүмкіндік туады екен. Басты себебі ерінбеуге, жалқаулыққа қарсы қоятын күш ретінде танылады. Мысалы, елімізге белгілі «Аттан» ұйымының жетекшісі Амантай қажыны алайық.. Өмірі жаяу жүреді. Денсаулығы да тың. «»Құдай  берген таза ауаны жұтып, өз  организміңді  өзің  тазартып отырғаның қандай рахат. Көлікпенен жүруге  асықпа», - дегені бар. Расында жаяу жүріп, бәрін жеңуге  болады. Әуелі,  денсаулықтың дұрысталуы жаяу жүруден басталатын болса, өз денсаулығымызды өзіміз сақтай білейік!
...