Ғалымдардың зерттеуінше, адам шашының «өмірі» алты жылға созылады екен. Алты жылдан соң, өлі шаш түсіп, оның орнына жаңа шаш шығады. Негізінен, шашқа алғашқы ақ түсетін кез – 30-40 жас аралығы. Шығыс медицинасы ақ шаштың пайда болуын бүйректің сырқаттануымен байланыстырады. Зерттеушілер адам шашын екі бөлікке бөліп қарастырады. Біріншісі – кімге де болсын сән беріп тұрған кәдімгі шаш. Екіншісі – оны ұстап тұрған түпкі тамыры. Шаш тамыры бас терісінің ішінде фолликул деп аталатын орамның ішіне орналасқан. Әр фолликул шашқа түс беретін арнайы пигменттік жасушаларды сақтайды.