+1 дауыс
528 көрілді
Ғашықтар күні жақындауда!! Ал, мен болсам сүйіктіме не аларымды білмей жүрмін... Не алуға болады?? Қалай ойлайсыңдар???

6 жауап

+1 дауыс
қазақтар үшін ғашықтар күні 15інші сәуір ҚОЗЫ КӨРПЕШ БАЯН СҰЛУ күні\ ал 14інші ақпан ол христиандардың мерекесі
нуу сондада тойлап жатады ғоой қазақтар!!
+3 дауыс
Сәлем! [Мына жердегі][1] және [мына жердегі][2] жауаптарға назар салыңыз! Ішінен біреуін таңдап, сүйіктіңізге сыйлайсыз деген ойдамын!)


  [1]: https://surak.baribar.kz/35183/
  [2]: https://surak.baribar.kz/61234/
Мөлдір ханым! Сіз сияқты профессорды енді көріп отырмын ба әлде осы күнге байқамай келгенмін бе, бұрынғы есіміңіз қандай еді а.к.а?
Angelina! Менің сайтқа тіркелгеніме бар болғаны 2 ай болды) Сайтқа тіркелгеннен бастап Мөлдір Амангелдіновамын)) Профессор болғанмын, қазір Данышпанмын) Байқамаған боларсыз...))
+3 дауыс
15 СӘУІР-МАХАББАТ МЕЙРАМЫ
Махаббатқа да бір мереке керек-ақ. «Еңлік-Кебек» күні немесе «Қозы мен Баян» күні болсын, жоқ дегенде «Ғашықтар күнін» атап өтейік деп наурыздың әр күнін меңзеген әртүрлі ойлар  жазылып жүр.
Біз аталмыш мерекені, Махаббат мейрамы деп атауды ұсындық. Оны 15 сәуірде тойлау – жұмыр басымызға тап бүгін ғана жұмыртқа салған идея емес. Осыдан оншақты жыл бұрын, осы жазба иесінің қиялына қауырсын шаншыған аталмыш ой «Хабар» агентігінің атынан мыңдаған көрерменнің талқысына ұсынылған болатын-ды. Кейінірек, 2003 жылы «Таң қалмаңыз» жобасының негізінде арнайы бағдарлама да түсірілді. Әнші-композитор Сейфуллин Жолбарысқа арнайы ән де жаздырғанБыз. Содан бері де Махаббат мейрамын насихаттау жолында арнайы шаралар ұйымдастырмасақ та, осы күн қарсаңында түрлі бағдарламаларда махаббат тақырыбында ой қозғап, көрерменге мерекелік күңіл-күй беруге тырысып жүрміз.
Егер өзіңізбен бет көріссек,  «…неге наурыз емес, неге мамыр емес?» болмаса «…неге бұл айдың 14-і немесе 16-сының бірін белгілемеске?» деп сауал тастауыңыз анық.
Біздің ойымызша, махаббат мерекесі сөзсіз көктем мезгілінде болу керек. Көктем – күллі адамзат үшін сезімнің, шуақтың, шабыттың, яғни махаббаттың синонимі секілді. Ал сәуірді таңдауымыздың себебі, бұл айда бірде-бір елеулі мереке жоқ (ғарышкерлер күні бүкілхалықтық сипатта тойланып жүрген жоқ). Сәуірдің 15-жұлдызын таңдауымыздың тағы бір себебі, бұл күн көктемнің бел ортасы. Символдық жағынан көңілге қонымды.
Махаббат мейрамын айтулы датаға айналдырып, ауқымды түрде атап өтудің уақыты жеткен сияқты. Сезім мерекесінің қажеттігі сол – кеудесінде жұлқынған жұдырықтай еті бар адам ішкі лүпілін өзгеге жеткізуге ынтық. Ал кез-келген ұятты пенде жан сырын жайып саларға ұяң келері және рас. Қысқасы себеп керек. Салдарын маңдайының бағы білер…
Сонымен махаббат атты тылсымның жетегінде қылшылдаған жігіттер мен уылжыған қыздар ғана жүрген жоқ. Жеңгенің ағаға деген тәтті назын, жардың жарға деген ыстық құштарлығын, ананың балаға деген шексіз мейірімін, тіпті атаның әжеге деген сыйластығын осы ұғымның аясынан тысқары әкете алмайсыз.
Сол күні іңкәр жүректер арқырай ақтарылып жатса, үйде дастархан жайылып, алаңдарда концерттер, сарайларда кештер, телеарналарда думандар өтіп жатса. Сыйлыққа қазақша ашықхаттар, қазақы кәдесыйлар жолданып жатса шіркін, нағыз мейрам сонда болар ма еді деген балдай қиялымыз, анығында баладай мәпелеп, болашақтың бір күнінде оң әсеріне куә болсақ деген жоспарымыз бар.
15 сәуір Махаббат мейрамы болсын. Қош көрейік. Қолдайық. Жақынымызға мейірім сыйлайық сол күні.
Тағы бір ой.. Махаббат мейрамындағы екі жанның арасын жалғаған ұяң сезімнің  көрінісі мынадай болса:
1. Дәл осы күні әркім өз сүйіктісіне деген сезімін әдемі сөз, көрікті тілмен 1 минут бойы тоқтамай, ақтарыла жеткізсе.
2. Дәл осы күні әрбір адам өз сүйіктісіне бәйшешектің (немесе басқа гүлдің) бір шоғын сыйласа.
3. Дәл осы күні, әрбір адам өз сүйіктісіне жүрек сыры жазылған шағын ашықхат сыйласа. (Қандай белгіде болу керегін ойластырудамыз. Ақыл қосыңыз!)
4. Дәл осы күні, әрбір ер азамат өз сүйіктісінің құрметіне кем дегенде бір көшет отырғызса.
5. Дәл осы күні, жұртшылық қауым өздеріне ыңғайлы уақытта, ыңғайлы жерде (алаңдарда, ашық орындарда, стадиондарда) буын биі «Қара жорғаны» билеп, мерекеге жалпыхалықтың сипат берсе. Және қыз-жігіттеріміз иба сақтап, өз алдына жеке топ болып билегені дұрыс та шығар. Бұл әрі замандастар ортасындағы би жарысына да ұласар еді.
+2 дауыс
айналайын сол қазақтарға ақыл айтар қазақтың жастарының бірі сіз емеспе ендеше несін тартынасыз? Ешқандай нуу дегенді қойыңыз!!! сол жастарға сіз тойламайтыныңызды көрсетіп үлгі болыңыз!!! міне сіздің қазақ қоғамына қазақ жастарына қосқан үлестеріңіз!!!!
мен бұл мерекеге ес білгеннен бері қарсымын мектепте оқып жүргенде мектептің бір бүрышына ғашықтар күнімен деп жазып жәшік қойып қойыпты, сонымен жан жағыма қарасам ешкім жоқ екен жәшікті алдымда қарасам катты қағаздан ғана жасалыпты, аяғыма басып мыжып мыжып тастадм да біреу көріп қоймасын деп қолтығыма қыстыра салып, мектептің есігінен шыға бергенім сол еді алдымнан директор кезіге кетті, мен аңқау диреткорға сәлем берем деп қолымды соза бергенімде қолтығымдағы мыжылған жәшік жерге түті де кетті, сонымен..... мектеп директорынын кабинеті ...... неге бұлай істедің? ...... ол саған неге керек болды?..... осындай сұрақтардың астында қалдым, ақыры, ата анамда естіді, сонымен мені жазғырам деген директорым менім ата анаммен сөйлесті, қысқасы неге керек..... менің әсерім бе әлде ата атанмынң әсері ме алде мектеп жәшік жасауға үлгірмей қалдыма әйтеуір сол жылы жаңағы айтқан аты жаман мереке біздің мектепте болмай қалды!!!!
Мерекенің болмай қалғаны жақсы болған екен...) Дұрыс айтасыз! Бұл мейрамды тойлау - қазақтарға жат нәрсе..! Қазақтардың "Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу" мерамы бар ғой...сол да жетпейді ма екен?!
+1 дауыс
халқымызға жат мерекені тойламағаныңыз жөн сияқты, ол орыстардын мейрамы ғой
+2 дауыс
Бұл күнді мейрам деп емес, мереке деп те емес, сүйгеніңізге бір жақсы сый жасайтын сылтау-күн ретінде қараған бір жағынан жөн де болса керек. Сыйлық жасаңыз. 14 ақпанда жасаңыз. 18 ақпанда сыйлық жасаңыз. 25 наурызда жасаңыз. 15 сәуір жасаңыз сыйлық. Менің айтпағым сыйлық жасау үшін арнайы күн таңдап қажет емес. Сүйіктіңмен болған әр күн мереке емес пе! Жалпы, әулие валентин ешқандай да әулие болмағаны белгілі ғой бәрімізге. Қозы мен Баянның да керемет әулиелігін естімеппін. Ендеше, несіне күтесіз. Бүгін.. Ертең... Бейсенбі күні жасаңыз сыйлық. Ал, енді бір шатыстыратын жағдай сүйіктіңіздің кім екенін, яғни қыз ба, жігіт пе екенін жазбапсыз. Қолыңыздан келсе дәәәәәәәәу, ұзеееееееен, әәәәәәәдемі мойынорауыш тоқып беріңіз. Мен қатты қуанар ем мұндай сыйлыққа. Ал, егер қыз болса, гүл, гүл тағы да гүл!!! Для разнообразия сүйкімді сөмке қоса салыңыз)))
Дұрыс айтасыз, Қазақтың Бір Жігіті! Сыйлық жасау үшін арнайы күн керек емес. Сүйіктіңмен болған әр күн - мереке! Сізбен келісемін) +1
...