Сонымен аллергия дегеніміз созылмалы індеттің бір түрі болып шықты. Ауруды қоздыратын себепшілердің ішінде бірінші қатарда ұсақ, көзге көрінбейтін кенелер екен. Бұлардың ішінде Демодекс және Дерматофагоидтер жиі кездеседі. Кенелер жалғыз ғана болмайды. Олар ағзасының ішінде міндетті түрде әр түрлі микроорганизмдерді (бактериялар, вирустар, грибоктар, және т.б.) ала жүреді. Кесел ағзаға енгеннен бастап бірінші субъективтік белгісін бергенге дейін көп уақыт өтуі мүмкін. Көп себептер, соның ішінде адам ағзасының мықтылығы (иммунитеті), жеке гигиенасы, тағам қабылдау, тірлік жасау және демалыс қабілеттері (әдеттері), тағы да басқалары бұл мезгілдің ұзақтығына әсер етеді. Кеселді «көрмегендік», онымен тиісті жолдармен күреспегендік бірте-бірте індеттің асқынуына әкеліп соқтырады. Адамда ұсақ кенелер қоздыратын кеселдер акариаз, акароз, қышыма, тағы да басқаша атпен аталады. Акариаздың асқынған жолдарының ішінде қазіргі заманда кең тарағандары: тері аурулары, аллергия, ревматикалық, жүрек, қан тамырлары, жүйке, психикалық, кауіпті ісік және тағы да басқалары. Бүгінгі күні біз толық айықтыра алатын кеселдердің ішінде – күн сәулесінен болатын терінің қабынуы (фотодерматоз), дискоидты қызыл жегі, дерматиттер; тағамға, дәріге, шыбын-шіркеулердің уына аллергия; розацеа, мұрын тері бездерінің ісігі (ринофима), созылмалы тері ауыруы (экзема), нейродермит, теңге қотыр (псориаз), парапсориаз, қышыма, шиқан басу, демодекоз, аллергиялық тұмау, тыртық түйін (келлоид), эритродермия, қызыл жегі жүйесінің бастапқы кезеңі, ақтаңдақтың бастапқы кезеңі, терінің қатаюы (склеродермия) жүйесінің бастапқы кезеңі, дерматомиозиттің бастапқы кезеңі, терінің қатерлі ісік алдындағы сырқауы, терінің қатерлі ісігі, көп уақытқа созылған қайталанбалы есегжем деп аталатын, және т.б. сырқаттар. Аталмыш кеселдер бүкіл дүние жүзінде кең таралғандығы біздерге акариаз ауруы пандемия ретінде тарағандығын айтуға мәжбүр етеді. Егер ауру адамды кеселдің пайда болу себебінен айықтыру жолдарымен толық сауықтырсақ, одан артық кеселдің себебін дәлелдейтін жолдар болуы мүмкін бе?
Міндетті түрде ұсақ кенелер қайдан шығып жатыр деген сұрақ туады. Бүкіл дүние жүзі ғалымдарының зерттеуі бойынша ұсақ кенелер бұрынғы заманнан бастап бізбен бірге, біздің үйімізде тұрады екен. Бірте-бірте жақын аймағымыздан кенелер біздің киімімізге, денемізге енуді үйренген. Уақыт өте келе олар адамдардың ішкі құрылысында да өмір сүрүді үйренген.
Кесел анық көрініп тұрса, оны бәріде көреді. Ал, акариаздың ұсақ белгілерін де білгендеріңіз абзал. Олардың ішінде терінің қызаруы, аса қоңыр болуы, бөртуі, дақтануы, аса құрғақ немесе аса майлы болуы. Адамның сау терісі ешқашанда майлы немесе құрғақ, дақты болмайды. Сол тәрізді шаш та түспейді.
Біздің халқымыздың жерге отырып, жерге жататын әдеті бар. Баяғы заманда киіз үйде тұрып, оны таза жерге құрып, күніне шаңырақты немесе керегені ашып, үй ішін желмен тазалап тұрған. Күннің көзі жағымсыз жәндіктерден үйдің тазалануына да себепкер болған. Төселген киіздер мен кілемдерді, төсеніштерді де тазалап тұрған. Бұған қосымша төсек жаймаларын, көрпе-жастықтарды жиі-жиі күннің көзіне жайып, қағып, сілкіп тұрған. Сол себепті де адамдар арасында акариаз да көп болмаған. Сондай-ақ халық тығыздығы өте аз болған. Ал, қазіргі кезде адамдар өте ыңғайсыз жағдайда өмір сүруде. Тұратын пәтерлеріміз де тар. Жоғарғы қабаттан үй мүлкін далаға шығарып, күнге кептіріп, қағып сілкудің өзі – өте қиын. Оның үстіне күннің көзі де үй ішіне аса көп түсе қоймайды. Ал үйді кілемге толтырып, жерге отырып, жататын әдет-ғұрпымыз қала қойған жоқ. Бұл жағдайда ұсақ кенелердің өсіп өнуіне аса ыңғайлы. Сондай-ақ көріскенде құшақтасып, сүйіскенде де кенелер бір кісіден екіншісіне көшуі мүмкін. Ала берістеріміз де көп. Бір-бірімізбен киімді де ауыстыра береміз. Кез-келген жерге отыра саламыз. Көзбен көрінбейтін жәндіктермен тиісті түрде күреспенгендігімізге байланысты, ұсақ кенелер адамның аяғы басылған жерлердің бәріне кең тарап үлгірген екен. Ал, бөтен жерлерде өзіңізді қалай ұстайтыныңызды әрі қарай өздеріңіз ойланыңыздар.
Қандай кесел болса да аспаннан түспейді. Кез-келген кесел біздің әдет-ғұрыпымызға, тағам қабылдау әдетімізге, аймаққа және басқа адамдармен қарым- қатынасымызға байланысты. Ал біз болсақ, қауіпті ісік қайдан пайда болды деп, оған ем іздей бастаймыз. Бетіміздің қызаруы, құрғақ теріміз сол аурудың бастама белгілерінің бірі екендігін үш ұйықтасақ та есімізге келмейді. Сондықтан да аллергия болсын, қауіпті ісіктер болсын кең тарауын жалғастыруда. Ойланыңыздар, ағайын! Тек қана себебін анықтайтын ем, тек қана тиісті күрес кеселден әркез айықтыратындығын естен шығармауға тиістіміз.
Жастарға, акариаздың жеңіл белгілері бар адамдарға айтатын кеңесіміз: тазалықты мықты сақтаңыздар. Апта сайын моншаға да баруды ұмытпаңыздар. Бұған қосымша киімдеріңізді уақытында тазалап, үтіктеуді де біліңіздер. Төсек салардың алдында едендегі киіздеріңізді, кілемдеріңізді тазалаңыздар. Төсек мүліктерін де таза ұстауға тырысыңыздар!