+1 дауыс
16.0k көрілді
Жалпыга салем!Маган шаштын тусуiне,шаш ушынын айырланып,уштануына не жасаса болады?Жалпы карапайым шаш кутiмi жайлы акпарат берсенiздер...
Алдын ала рахмет!

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Сабынның орнына айран немесе жұмыртқаның сарысын пайдалануға болады. Айранды бастың терісі мен шашқа жақсылап жағып, басты орамалмен байлап, 5-10 минуттан кейін ыстық сумен жуу керек. 1-2 жұмыртқа сарысын ағынан айырып, ішінде аздаған мөлшерде суы бар ыдысқа құйып араластырып, шашты сонымен жуып, сонан соң ыстық сумен шаяды. Шашты жуып болған соң оны жұмсақ сүлгімен сүр- те отырып, кептірген дұрыс. Басты орамалмен байламайды. Құрғақ шашты жуар алдында бірнеше сағат бұрын кез-келген өсімдік майымен майлайды.

Шашты тарау
Қысқа шашты түбінен, ұзын шашты ұшынан бастап тарайды. Тарақтың тістері сирек және өткір болмасын. Шашты щеткамен тараса, ол жақсы тазалайды, бас тері-сінің қан айналымын жақ-сартады. Щеткамен шаштың түбінен ұшына дейін бірнеше рет жатқыза тарайды. Щет-ка қатты, бірақ тікенекті бол- мағаны жақсы. Басқа біреу- дің тарағын, щеткасын пайда- лануға болмайды.

Ауыр және тар бас киімдер, күн сайын парик кию те- ріге салмақ түсіріп, шашқа ауаның баруын қиындатып, шаштың түсуіне себеп бола-ды. Күннің, желдің, теңіз суы- ның, шаңның әсерінен шаш күңгірт тартады, құрғайды, қатаяды. Суық та шашқа зи- янды. Сол себепті суық күн- дері міндетті түрде бас киім киіп жүрген дұрыс. Шаң-то-заңда жұмыс істегенде бас-қа орамал байлайды, жеңіл, алайда шаң өткізбейтін бас киім киеді.

Қайызғақты кетіру
1. Қайызғақтан шаш түсіп, адам басы тіпті тақырбас бо- лып та қалады. Қазақ дала- сында оған ем болатын өсім-дік-алабұта (алабота деп те атайды), сора шөптер. Оларды жинап алып кептіреді, қажет кезінде түйгіштеп ұн- тақтайды да сиырдың айыр-ған майына қосып қойырт-пақ ботқа жасайды. Соны басқа жағып, басты орамал- мен байлап жүреді. Күн аралатып басты ыстық сумен жуады. Шаш тым қалың бол- са сабынды қолданады. Жал- пы, қайызғақ кеткенше басты сабынмен жумай тұра тұрған дұрыс. Тарақпен тараса да жеткілікті. 2. 100 гр қалақай жапыра-ғын жарты литр суға сірке суымен қосып, жарты сағат қайнатады. Қайнап болған соң сүзіп, ештеңе қоспай, тек өзімен ғана 8-10 күн сайын басты жуады.

3. Құрғақ шаштағы қайыз-ғақты былай кетіреді: тініке ожаудың немесе кішкене мес- кенің түбіне 3 қасық өсімдік майын құяды. Шамалы қыз-дырады. Шаштың арасын жік- жік етіп алып, мақта оралған таяқшамен әлгі жылы майды шаштың түбіне, құйқаға жағады. Сосын басқа полиэ- тилен қалта киіп, сыртынан түкті сүлгімен орап тастайды. Сосын мынандай қоспа әзірлейді: 3 қасық өсімдік майын тініке ыдықа құяды, оған 2 шай қасық алма сірке суын қосады, шамалы қызды- рады. Бұл қойыртпақты шаш- қа жағып, 2 минуттан соң жұмыртқанын сарысы қосыл-ған жылы сумен шашты жуады. Мұнан кейін 1 леген су- ға 1 шай қасық сірке суын қосады, шашты соған малып шайып тастайды. Шаштың ағаруы Шаштың ағаруы адам ағза-сының мал өнімдерін тым көп тұтынуынан да болады. Ша-шы ерте ағарған адамдардың миға қан құйылу, жүрегінің қа- бынуы, қысылуы, құяң, артрит тәрізді ауруларға бейімділігі басқаларға қарағанда өте жо-ғары.

Адамдар қартая бастағанда шаштары пигменттерін жоғал-тып, ағара бастайтындығы анық. Шаш адам 20-30 жасқа келгенде де ағара бастайды дейді дәрігерлер. Ал ағарған шаш жіңішкере түседі екен. Дұрыс күтілмеген шаш немесе ол ауруға шалдықса, адам созылмалы ауыруға ұшыраса да шаш түседі. Алкогольден, темекіден созылмалы улану да шашқа өте зиянды.

Шаштың түсіп сиреуі
1. Шаштың түсуі С дәруменін көп тұтынудан болуы да мүмкін. Егерде шаш маңдайдан бастап түсетін болса, тәттіні, шырындарды, сүтті, спирт ішімдіктерді ішуді азайту қажет. Бұл сонымен бірге жүректін жұмысында да кінәрат болғандықтын белгісі. Егерде шаш төбеден түсе бастаса малдан алынатын өнім- дерді тұтынуды азайтқан дұрыс.

Шаштың түсуі мінездің шапшан- дығынан да болуы ғажап емес.
2. Шаштың түсуі оның құ-рамындағы бояғыш зат – меланин пигментінің мөлшеріне де тәуелді. Қараторы адамдардың шашында пигмент көп болады. Қоңыр – сары шаштыларда – пигмент аздау. Аққұба, сары шаштыларда – пигмент тіпті аз. Егерде шашта темірлі пигмент көп болса, онда ол жирен түсті болады. Онымен бірге шаштың түсуі тұқым қуа-лайды. Адамның өмір бойы ша- шы түсіп, түлеп, орнына жаңа шаштар шығып отырады. Шаш-тың толық түлеп, жаңа шашпен ауысып отыруына 1 айдан 3-4 жылға дейін уақыт керек. Дені сау адамның шашы айына бір сантиметр өседі. Ал денедегі түктер, қас пен кірпіктің өсуі өте баяу.
...