Бұл сайтқа күлкілі сұрақтар, логикалық қызықты сұрақтар қоймаңыздар делінген.!Онда қызықты сұрақтар санаты не үшін берілген.? [жабық]

0 дауыс
6.2k қаралым
...
Сұрақтың жабылу себебі: Қанағаттанарлық жауап алынды
• Санаты: Жалпы сұрақ Белгісіз

2 жауап

+7 дауыс
Бұл сайтқа күлкілі сұрақтар, логикалық қызықты сұрақтар қоймаңыздар делінген.!  мынаны қайдан оқыдыңыз?


Мына тізімде жоқ олар:  Рұқсат етілмейтін сұрақтар мен жауаптар:

1 Діни тақырыптағы сұрақтар өшірілініп тасталынады. Себебі дін тақырыбындағы сұрақтар оңай емес. Оған діннен хабары бар мамандар жауап бергені дұрыс. Діни сұрақтарыңызды  [Қаттани атындағы Мешіттің ұжымына][1] қойсаңыздар болады.
2 Сайттың әкімшілігіне айтылған жамандау, намысына келетін, дөрекі т.б. сөздер
3 Қиын оқылатын, сауатсыз жазылған сұрақтар мен жауаптар. Мысалы: "olaiiiiiiii emes", "бҰЛаЙ еМЕс"
4 Бос сұрақтар, Мысалы: «Қалың қалай?», «Кім не істеп отыр?» және сол сияқты
5 Мағынасы жоқ, пайдасыз Жауаптар! Мысалы: "Әрине солай!", "Білмеймін", "Маған бәрібір", "Ал саған не керек?"
6 Сұрақ емес сұрақтар, яғни оның нақты жауабы жоқтар. Жауабы мынадай болатындар. Мысалы, «Өмір жақсы!», «Ал мен бүгін кешігіп қалыппын», «Суретіме баға беріңіздер»
7 Қайталанған Сұрақтар мен Жауаптар
8 Жарнамаланған сұрақтар мен жауаптар. Арнайы жарнама беретін сайттар бар. Жарнаманалған сұрақ, мысалы: «Кім менің Нокиа 6303 маркалы ұялы телефонымды сатып алады?» және т.б.
9 Жеке басқа қатысты сұрақтар. Мысалы: «Мен сіздерге ұнадым ба?», «Мен негізі сүйкімдімін, солай ма?» және т.б.
10 Ұятсыз сұрақтар мен жауаптар
11 Алкаголді сусындар мен есірткіні жарнамалайтын сұрақтар мен жауаптар
12 ҚР-ның заңдарына қарсы сұрақтар мен жауаптар
13 Зиянды сілтемелері бар сұрақтар мен жауаптар, яғни вирусы бар сайтқа сілтеме жасалған
14 Сұраққа мағынасы мен мазмұны басқа жауаптар
15 Ізет немесе Тілмаш арқылы тікелей мағынасыз аударылған Сұрақтар мен Жауаптар
16 Сұрақтың түсініксіз қоюылуы. Сұрақ не туралы жөнінде білу үшін сұраққа шертіп келесі бетте сол сұрақ туралы толық оқитын. Мысалы: "Бұл не?", "Сұрақ ішінде", "Көмектесе аласыздар ма?"


  [1]: http://surak.kattani.kz/
+4 дауыс
Менімше бұл сұрақ өзіне керекті жауапты 100 пайыз алды,менің қосарым Тырнақ астынан кір іздеу жақсы әдет емес.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
7 жауап
+2 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
127,776 сұрақ
322,353 жауап
153,150 пікір
72,814 қолданушы