0 дауыс
399 көрілді
Жүргенде басқа қыздарға көз қырынымды салып. Маған да ғашық болған қыз бар екен-ау. Бұл сұрақтың пайда болу себебі: Жақында естідім қыздың қасына мен жақындаған кезде ұялып, қысылып майысып қалатынын. Ол майысудың себебі агент арқылы, әлбетте, микроблог арқылы қырындағаным ба? Білмейм өзім де анығын. Әйтеуір сезімге беріліп кетіп, оған сезімім ерекше деп айта салғанмын. Ұмытпаңдар микроблог арқылы, жеке өзіне емес. Сөйте келе таң қалдым қыздар сезімін ішінде берік ұстайтынына. Мен оны ұнатпады демеңдер, ұнаттым. Бірақ өзімнен де қателік кетті. Тойып секірдім. Ол кезде махаббат пен жақсы көруді шатастырып алған екенмін. Енді түсіндім сүймегенге жалынбаған абзал. Енді сұрақ: сол қызбен махаббат қаласын құрғым келеді? Бірақ қалай. Мені мирінен кетіріп тастаған секілді. Себебін басында айтқанмын. Мен қазір баяғыдай емеспін. Қызбен тез араласып кете алмайм. Қыздармен көп сөйлеспей тұйық болып кеткеннен ба? Сұрақтың түпкі жері сол қызбен қалай да байланыс орнатқым келеді? Қыздар көмектесіңдер онымен қалай араласып кетсем болады?

3 жауап

0 дауыс
Жауап берейін деп едім, кешір қыздар айтыңдаршы дегесін жауап бергім келмей қалды.!:D
+1 дауыс
Егер сол қызбен махаббат қаласын құрғыңыз келсе, арада болған барлық түсініспеушіліктерді жоюға тырысыңыз. Қызды кездесуге шақырып, барлық мән-жайды, неге олай істегеніңізді, махаббат пен ұнатуды шатастырып алғаныңызды жақсылап ашық түрде түсіндіріп көріңіз. Ең бастысы - ол қыздың алдында шынайы болыңыз, қызды алдамаңыз! Өзіңіздің сезіміңіздің адал екенін дәлелдеп көріңіз. Сәттілік! Сүйген қызыңызбен бақытты болыңыз!
+1 дауыс
Ағыңнан жарылып бәрін айтыпсыз, жарайды жауап берейін....басқа қыздарға көз салмай тіке сол Ж ханымға барда сөз айтыңыз.Қашанғы оны күттіріп журе бересіз, сарғайып кететін болды-ау.....
Бұйырғаны болады. Менің сөз салуым үшін ой елегімнен өтуі керек. Солай бикеш.
...