+3 дауыс
4.6k көрілді
Java тілі мен JavaScript , С мен С++ тілдерінің қандай айырмашылығы бар!

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Олардағы айырмашылықты шебер программисттер ғана біледі. Айырмашылықтар көп те емесю
+1 дауыс
Негізі алғашында C тілі тұрады. Бұл тілде түрлі операциялық жүйелер және жылдамдық қажет болған бағдарламалар жазылады. Мысалыға, мына виндовстың көп бөлігі сол тілде жазылған. Бірақ функциялар арқылы жазылғандықтан үйрену мен үлкен көлемді кодтар жазу қиындық тудырады. Егер операциялық жүйелер жазғың келсе осы тілді таңдау керек.

С тіліндегі қиындықтарды жою үшін C++ тілі шыққан, онда объектіге бағытталған бағдарламалауға болады. Бұл тілде жазылған бағдарлама өте жылдам жұмыс жасайды. Сондықтан көптеген десктоп бағдарламалар осы тілде жазылады (мысалы, Opera, Chrome). Бірақ бұл тілдің де өз кемшілігі, қиыншылығы бар, оны үйрену үшін көп уақыт кеерк. Кейін бағдарламалау кезінде жадты қолмен басқарасың сондықтан қате жіберу өте қымбатқа түседі.

Java синтаксис жағынан C, C++ тілдеріне ұқсас. Бұл тіл егер кроссплатформалы, яғни, MacOS, Linux, Windows үшін бағдарлама жазғың келсе қажет. Яғни, бір жерде жазылған бағдарлама ешбір қиындықсыз қалған платформаларда жұмыс жасай береді. Қазірде java ең танымал кең тараған тілдердің бірі және оған төленетін ақша да жоғары. Негізгі кемшілігі баяу жұмыс жасайды, сондықтан десктоп бағдарламалар жасауда көп пайдаланылмайды.

JavaScript бұл тілді жоғарыдағы тілдермен мұлдем салыстыруға келмейді, бұл тіл негізінен сайттарда пайдаланылады, және тек браузерде жұмыс жасайды.
...