Маған таныстыру өлеңдерін тауып беріңіздерші?

+1 дауыс
273k қаралым
Маған таныстыру өлеңдерін тауып беріңіздерші?
• Санаты: Қазақ тілі | 273k қаралым

20 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
ТАНЫСТЫРУ қыз сынына

Бүгін міне сайысқа қатыспақпын
Шыққандаймын өте бір киын жолға
Таныстырып өзімді сөз сөйлейін
Аруақ ата-бабам жар боп қолда!
Сұрасаң есімімді,айтам-Райгүл
Тумады Бесқарағайда Райгүлдей гүл
Сұрасаң руымды айтам,аты-уақ
Досым көп,дұшпаным да аз емес бірақ.
Серікбол деген асқар таудай әкем бар
Гүлжанат деген ақ бұлақтай шешем бар
Әкем - тұлпар
Шешем - сұңқар
Көп сөйлеп кідірмейін, тоқтамайын
Жеті атама енді мен тоқталайын...
(жеті атаңызды атайсыз)
Шығыпсыңдар сайысқа
Сұлу қыздар, арулар
Мен жетемін табысқа
Жүлде аламын бауырлар!

Әділқазылар алқасы
Дәм татыңыз, көріңіз
Ас болсын деп тілеймін
Әділ баға беріңіз!!!
(үйден тағам әзірлеу тапсырмасына)

+2 дауыс
Ассаламу-алайкум Аяна!Қандай таныстыру өлеңдері қажет толық жазып кетсеңіз.

Таныстыру өлеңі
(7сынып қыз сынына қолданған болатын.)

Салем беріп бастайын сөзімді мен,
Ару болып келемін уақытымен,
Айтайын өзім жайлы, өз атымды,
Тағы да өз руымды, әулетімді.

Қоңыратпын ішінде Орта жүздің,
Одан кейін Саңғылдың бір қызымын.
Сол саңғылдың баласы әкем Сәкен.
Сәкеннің ерке қызы Әселмін мен.

Өз әкемнің мекенін айтар болсам.
Шәуілдір деген кең жазық дала болған,
Шәуілдірдің керемет табиғатынан
Мамыровтар әулеті пайда болған.

Мамыровтар әулетінің бір мақтанышымын,
Отбасымның көрікті, сұлу қызымын,
Әділдікпен бағаны беріңіздер,
Сан қилы өнерімді көріңіздер.

Осымен бітті, енді ары қарай, қай жеріңе өзгерту жасау керегін білетінде боларсыздар.
Бір  ескере кетер жағдай:
Бұл таныстыруда, руға бөліп таныстырылады, яғни руға бөлінбей бір қазақтай таныстырған жөн, сол жағынан әділқазылар төмен баға беруі мүмкін.
5-ші сыныпқа арналған 10 қызға 15 ұлға әзілді таныстыру жазып берсеңіздер өтініш
+2 дауыс
Егер де ұнаса, төмендегі өзін - өзі таныстыруды көріңіз:
Армысыздар жиналған көпшіл қауым,
Биік қойған жанынан қыздың арын!
Қыз өсірген қазақтың қайғысы осы,
Қатал сынға салатын әр қадамын!
Шын сыналған жүйрікте мін болмайды,
Ақылы озық - біреуге күң болмайды!
Келіні дана болған қазағымның,
Ұлдары өзге елге құл болмайды!
Көпшілік мен де өзімді сынға салдым,
Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын!
Топтан озу мақсатым болмаса да,
Ару болу мақсатым инабатты!
Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қармысыздар.
Аруларға әділ баға беретұғын,
Әділеттен жаралған жанбысыздар?!
Атым - ..... болады сұрасаңыз,
Албан екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты ..... асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз!
Анашым Тугленшедей Бәленше қызы,
Жүзінен төгілетін күннің нұры.
Атыңа кір келтірмей өтсем сенің,
Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..!
Ұстазым - ... апай аяулы адам,
Біздерден бар білгенін аямаған!
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшіліктің көңілі тояр маған!
Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қылайын!
Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,
Сахнаның төрінде сән құрайын!
0 дауыс
Соз анасы салем дер дана халкым Омыр бойы каргап оскен ата салтын Салем бердым иылып барша кауым Деныныз сау жузыныз болсын жаркын Акем аты Аскаргой Аскар тауым Гулбаян менын анашым Бакша бауым Бытпейтын кыз журектын ызгы арманы Барлыгын тусынеды кыздыр жаны Адарына умытпен келып турган Акнура атты казактын кызгалдагы Мены осырген баптаган Ак ниетты атанам Жыберды мены сынауга Осы быздын сайыска Бас жулдеге мееенде таласайн Озымним кушмды мен аямаймын Барынызге саттылык карсыластар Осыменен созмды аяктайын
+1 дауыс
Орта жүздің қызымын атым Әсем

Жүрегім ақ, мінезім нағыз көктем.

Елімнің Шығысында дүниеге кеп,

Белімді Марқакөлде буған бекем!

Ұрпағымын Сарматпенен Сақтан шыққан,

Қанатын Бостандыққа көкке қаққан,

Қазақ деген халықтың қызымын мен.

Ата-ана еркелетіп , баптап баққан!

Келіп тұрмын алдарыңа халқым менің,

Ақталар деп артқан маған бүгін сенім!

Әділдікті саралайтын әділ қазы алқасына

Иілгісі келеді басым менің!

Орта жүздің болсамда екрке қызы

Өтпеген аяғымнан жердің сызы.

Ардақтаймын барлық қазақ асылдарын

Халқымызға лайықты болса кісі!
0 дауыс
акушерка туралы таныстыру керек"медбикелер кунине"
0 дауыс
Орысша таныстыру бар ма?оте керек
0 дауыс
Əр оқырман бір əлем тақырыбына таныстыру керек еді?
0 дауыс
Сәлеметсіз бе? маған таныстыру керек еді.  мен мектеп педагог-психолог болып істеймін. Байқауға өзін-өзі таныстыру қажет еді
0 дауыс
Сәлеметсіздер ме?  Маған Жас аспазшы сайысына таныстыру керек еді.  Өтінееем!  Шығарып беріңіздерші. Маған 17
0 дауыс
тоильпдба отвовьичь тбводчдыьволч оадтвлвб дв лаьла овтво овьво. врды. дату
0 дауыс
Салеметсиздерме! Маган Аже
0 дауыс
Саламатсыздарма? Мен мұғаліммін өзім 55 темін. Менің қалама да биыл 55 жыл толады, соған байланысты маған таныстыру өлең жолдары керек еді.  Бұл сайысқа тек 55 жасқа толған аналар қатысады. Сіздерден өтініш.
0 дауыс
сəлем.Маған наурыз аруына таныстыру керек еді.Өтініш өз ойларыңыздан шығарып бере а
0 дауыс
Агылшын ултынын таныстыруы керек еди? Отинииииш
0 дауыс
Салеметсиздер ме маган тилдер мерекесине таныстыру керек еди отинем тауып бериниздерши  жасым 14те коп болмаса деп едим
0 дауыс
Маган банкирлермен сайыска таныстыру арнау
0 дауыс

маған күзгі балға қасымдағы адамды таныстыруға тақпақ тауып беріңіздерші өтініш

0 дауыс
Іркілмейін мен енді

Таныстырсам өзімді

Биыл 13 жастамын

Қызбын бәленше есімді

Ұрпағымын адайдың

Атам аты бәленше

Әжем бізге әрдайым
Тілейдіғой ақ тілек

Әкем менің мұнайшы

Анам олда бір маман

Апатай мен екі ағам
Болсын дәйім дін аман

Би де билей аламын

Шырқап әнге саламын

Сабақты да оқимын
Мен өнерпаз баламын!
0 дауыс

Дебатқа таныстырылым керек ер балаға

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
127,937 сұрақ
322,815 жауап
153,169 пікір
72,932 қолданушы