+2 дауыс
17.6k көрілді
Адамнын басына кайызгак калай пайда болады? Не себептi калай?

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
ҚАЙЫЗҒАҚ – бастың шашты бөлігінде эпидермистің беткі қабатынан бозғылт ақ қабыршақ түрінде түлеп түскен клеткалардың жиналып қалуынан болатын тері ауруы; тері бездері қызметінің күшеюінен не нашарлауынан пайда болады. Ұсақ, кебектеніп қабыршақтанған құрғақ қайызғақ, көбінесе, бастың төбе бөлігіндегі шаш арасына түседі немесе жеке ошақ түрінде (маңдай, құлақ қалқанының сыртында, т.б.) байқалады. Тері құрғақ болса, қайызғақ түсіп, қышытады. Мұндайда шаш қиылғыш келеді, көп түседі. қайызғақ түсуінің негізгі себебі – организмде витаминдердің жетіспеуі (А, В топтары), ішкі секреция бездері жұмысының өзгеруі, жүйке аурулары, теріні және шашты дұрыс күтпеу. Сондай-ақ, қайызғақ инфекция арқылы да жұғуы мүмкін. қайызғақтың пайда болуына, бас терісінің қабынуына, шаштың қиылып түсе беруіне тері аурулары да (микроспория, псориаз, экзема, т.б.) себеп болады. қайызғақтың майлы түрі де кездеседі. Бұл жағдайда теріден май шамадан тыс бөлінеді де (қ. Себорея), адамның терісі (шашы) майланып, жылтырап, қайызғақтар бір-бірімен жабысып, шаш шайырланады. қайызғақ түскен шаштың емі: егер шаш майлы болса, арнайы сабын, шампуньмен (су сабын) жуу, ал шаш құрғақ болса, майлы дәрілер жағу керек.
Википедиядан алынды!
Тоғжан, Қандай майлы дәрілер бар ??! ___ айтШы:        .....
+1 дауыс
Бұл организмде витаминнің жетіспеуіннен болады,Одан құтылу үшін арнайы су сабындары болады
+1 дауыс
терілердің қартаюы немесе бастың майлануы әсерінен бас терісі түлеп қышиды, бас терісініңтүсуінен пайда болады қайызғақ
0 дауыс
Тері құрғақ болған жағдайда да қайызғақ пайда болады.
...