Ех, агенттегі қыздың жүрегі әлдеқайда қолжетімді екені белгілі ғой. Солай емес пе? Бастысы қысылып, қымтырылмау керек. Ол сені көріп отырған жоқ қой. Айтқың келгенін айта бер, айта бер, айта бер. Әрине, әңгімең дөрекі болмауы да шарт. Әйтпесе қызың қырық секундтан соң ақ игнор-(көзіме көрінбеші) тізімге бірақ аттандыруы мүмкін. Тағы бір мәселе, Жаттанды сөздер мен жасанды мінез көрсетпеу керек. Кішкене болсын "подлиза" бола салған да артықшылық етпейді. Бұл әрине жүректің иесіне, яғни қызға байланысты. Сонымен, солай дейік...