+2 дауыс
12.4k көрілді
Маған ХАТ қажет еді.  Қандай дейсіздер ғой?!  Әдебиет саласында кімнің болсын, кімге болсын,ең бастысы -  жігіттің атынан жазылған ХАТ болса деп едім. Мәтінінде жай ғана "Сәлем..қал қалай...сағындым...сәлеммен бәленше... " деген емес,  бір философиялық ойға шомылған, монологтан құралған, образға кіріп айтатындай ХАТ керек болып тұр..
Ұзағырақ келген нақты, әдемі, бейнелі сөзді ХАТ тауып берсеңіздер деп ем. Тапқандарым жарамай жатыр.Алдын ала алғысым!
Хат дегенде тек мәтіні ғана.

P.S. Тек қоштасу хаты емес.
Сұрақтың жабылу себебі: РАХМЕТ

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
"Көңілдегі ойдың ауыздан шыға өңі кетеді" демекші, көкейімдегі көрікті ойды сол күйінде ақ қағазға түсіріп, сыйғызудың қиыны-ай. Шынымды айтсам, не жазарымды да білмеймін, әлде сенің ойыңды дұрыс түсіне алмадым ба.... Мынау жазғанымды қанағат тұтарсың бәлкім..... Сонымен,

Титтей ғана жүрегімді жарып шыққан асыл махаббатымды өзіңе арнап, хат жолдап отырмын, сүйіктім!  Өзіңді алғаш көрген сәтте ....... Әлі есімде: ол күні аспан шайдай ашық еді. Бірақ бір кезде менің дәл қасымнан найзағай жарқ ете түскен тәрізденді. Жалт қарадым. Қарадым да қыбыр етпей тұрып қалдым..... Арамызда екі аттамдай ғана жер қалыпты. Сен көлденең көшенің оң жағымен келе жатты. Екі көзің қап-қара, еліктің көздеріндей мөлдіреп тұр. Өкшең тық-тық етіп, екпіндей аяңдап, жақындай бердің.  Маған сен өзі сондай сүйкімді періштедей боп көріндің. Жүрегім лүпілдепғ аузыма тығыла берді,  сен мені көзге көрінбейтін бір мықты жіппен жетектеп бара жатқандай соңыңнан ілесе бардым. Бірақ көмейімнен үн шығара алмадым. Оған батылым жетпеді. Қолымнан бар келгені ту сыртыңнан көз алмай қарау болды. Сенің жеңсіз жұқа ақ көйлегіңнің етегі, терең судың иіріміне ұқсап, үйіріле қозғалып бара жатты.
Кенет менің есіме бүгінгі өтетін жиналыс (я болмаса ашық сабақ) түсті. Осы ой екеуміздің арамыздағы мықты жіпті жарқ етіп кесіп түскен қылыш іспеттес болды. Мен бұрылып кете бардым. Алайда, сол күні сен менің ойыма жиі-жиі орала бердің.
Кешкісін үйге оралып,  жылы үйде жалғыз қалған мен көзіме күлімдеп тұрған сені елестеттім. Сенің аты-жөніңді білмесем де, іштей  "асылым" деп ат қойдым.  Саған одан басқа ешбір ат лайық еместей көрінді. Сыртың сымбатты, ішің сабырлы, өзін мүлде қарапайым ұстайтын сен, асылым, сау дененің сезім сұлулығын төгіле мол жырлаған ұлы суретшілердің даналығын дәлелдеуге жаралған жандайсың!  Сен мен үшін - судан тұнық, сүттен ақ, мамықтан майда, ауадан жұмсақ, күннен нұрлы, жұлдыздан жарық, көңілден көрікті, көктемнен әсерлі, сәбиден сүйкімді, қиялдан тәтті, денсаулықтан рахат, жаннан жақын, жақыннан ыстық, шындықтан шыншыл, шыныдан мөлдір, гүлден нәзік, күмістен таза, алақандағыдан айқын, тағдардан ғажап, қасиеттен қымбат, асылдан ардақты, сабырдан салмақты, тас бетіне түскен бедерден берік, таудан тұрақты, тамаша бір жансың! Маған сенің дауысыңды естімек тұрмақ маған қарап бір күлімсірегеніңнің өзі бақыт! Осы хатымды өзің арнай отырып, жүрегімнің іңкәр сезімін жеткізгім келеді. Сенің де маған деген жылы көзқарасыңды сезінгім келеді. Сәт көрмесем сағынам, сүсінемін көркіңе. Қол жетпе аспандағы ай болсаң да сағынамын, сағына беремін... Сүген жүрек жауапсыз қалар ма деп ұмытқым-ақ келеді, бірақ қалай?  Махаббат деген асыл сезімнің жетегіне еріп, қызығына бір кірсең қайта шыға алуың екі талай өзінше бір әлем екен, сол әлемге кіріп алып мен де шыға алмай қалдым.  Жүрегімнің шырылын бәлкім түсінерсің, бәлкім түсінбессің.....  Сөз соңында өзің арналған өлең жолымен аяқтайын:

Айқайлап-ақ айта бер, айта бер шамаң болса,
Сені ұмыта алмадым, қайтейін амал қанша?!
Қара тастан неліктен, неліктен жаралмаған,
Нәзік еттен жүрегім, жүрегім жаралғанша...
- Біраз жерін өзгертіп, біраз қатесін жөндеп, айтармын.Қанағат тұттық.  Рахмет, Көркем. +10
+2 дауыс
Әлішер мынау қалай жақсы ма?    Күз болса сағыныш дертінің қозатыны несі екен?Өткен күнің елесі әлі есімде.
Мен өз жүрегімдегі сезіммің махаббат па әлде сағынышпа екенін білмейтін едім.Ойымда қашаннан бері сол бір жанға хат жазу жүргенімен жүрексінетінмін.Күздің әсері ме?әйтөгір бүгін сол істі нақты қолға алмақ болдымдым.Хатты былай бастадым.
-Бұл хат кеше ойланып, бүгін жазыла салған хат емес.Неше рет жазып,қанша рет жыртылған.Арман қиялмен неше түнгі ойлар, арман жетегіндегі кездесулер, бақытты шақтар.Сіз менің қиялымдағы ең жақын адамсыз.Жүректен жететін нәзік үнге құлақ тосып көргенде жадыңда өрнектелген аяулы сезімге деген құштарлығын да арта түсетіндей.Шіркін ай деп армандап жүргеніме де коп уақыт болыпты.Сіз бен менің арамызда, аспан мен жердей айырмашылық бар екенін жақсы білем, Сізбен жүздесіп бар арманымды айтқым ақ келет, бірақ менің түсінгенім өмір таусылмайтын бірақтардан тұрады екен.
-Деп аяқтадымда,үстел үстіне қойа салдым.Ол хатты жыртпадым, бырақ хатты жібермейтінімді, сол жанды іштей мәңгі жанымда сақтайтынымды білдім.
Сағыныш, көп-көп Рахмет. Алайда, бұл қысқа болып тұр....?!    Мәтіні осы тектес Ұзағырақ іздеп ем...Сонда да рахмет. +1
қызға бағытталған ба?
Йа әрине! Мәтінін түсініп оқысаң білесің кімге бағытталғанын.
Мен Әлішерге жазғанмын,  өзің жаздың ба? интернеттен тауып алсаң сілтемесімен қалдыра кетсең
- Мейлі, кімге болсын... Ең бастысы- аталған критерийлерге сәйкес болса-а-а-а...Көмектесіңдерші!!!
+1 дауыс
Ахмет Байтұрсынов
Файзоллаға хат
Файзолла достым аса қымбаттым,
Мұңменен азап жаныма батты.
Өтседе дәуір өкініш уы,
Асау өзендей толқыны қатты.

Өзіңе аяң өмірім ісім,
Көрдім ғой бейнет туған ел үшін.
Жабылған нақақ жаланы ойлаумен,
Өзегім күйіп, өртенді ішім.

Ой соқты болып қатты ғой басым,
Көзімнен көл боп ақты ғой жасым.
Серегелдең кешіп сарғайып санам,
Төбемнен тура түсті ғой жасын.

Көбейген шақта сақалдың ағы,
Кетті ғой тайып ағаңның бағы.
Темір құрсаулы түрмеге мынау,
Төртінші ретте қамалдым тағы.

Ана сүтімен ақындық дарып.
Жыр жазып едім отырмын налып.
Халық жауы боп қасырет шеккен,
Бүгінде енді менде бір ғаріп.

Езіліп жүрек, егіліп жүйе,
Өзіңе-өзің бола алмай ие.
Енесі өлеген ботадай боздап,
Өкінесің кеп өзегің күйе.

Дамылдап бір сәт табалмай тағат,
Кеттім ғой япырау қай жерден ағат.
Түсесің ойға иірде-шиір,
Елестеп көзге мақсат пен мұрат.

Оралып сонда туған жер ойға,
Бір ыстық сезім тарайды бойға.
Сағыныш тауын анама деген,
Теңегем бір сәт күн менен айға.
.......................................................
жалғасы бар
Ұлы Ескендір. Керемет өлең жолдары. Көп-көп Рахмет. Алайда, жыр ретінде емес, мәтін сияқты болса деп ем...Сонда да Рахмет. +1
0 дауыс
## Шығыс ұлына хат ##
  Шығыс ұлы! Біздің қазіргі уақыттағы орнымыз қанды майдандағы қызу ұрыста ғой. "Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай, еңку-еңку жер шалмай" біздің ісіміз бітпейтін нағыз қызу кезең осы емес пе, Шығыс ұлы!
 Мен саған осы хатты немістің блиндажында жазып отырмын. Жанымда бірнеше қазақ жігіті бар. Осыдан 40 минут бұрын блиндажда немістер отырды. Біз оларды қамауға алып, үстінен басып қалдық. Тек аз ғана солдаттары қашып құтылды.
  Шығыс ұлы! Сонау туған өлкең Арқаны есіңе түсірші. Ондағы мейірімді халықты, бізді тәрбиелеп өсірген Отан ананы еске түсірші! Сен соларды сүйетін едің. Бүгін сол шын махаббатты іс жүзінде көрсету керек болып отыр.
  «Отан» деген – бір-ақ сөз. Бірақ осы бір сөздің мағынасына тең келер ешбір сөз жоқ. Сол ардақты Отаным менің бүгін қауіпте тұр. Менің көз алдыма: «Қарағым, ұлым, тағдырым сенің қолыңда» деп тұрған ізгі Ана – қазақ әйелінің бейнесі келеді. Бұл маған Отан өміріне төнген қауіпті аңғартады. «Ұланым, туған еліңді сақтап қал!» дегендей болады. Осы лебіз жанды жанып, күш-қуатты тасытады.
-    Сақтаймыз, Ана, өміріңді сақтаймыз, - дегің келеді, сөзбен емес, іспен ақтауға ұмтыласың.
Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен бел жатыр, Шығыс ұлы! Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз. Ендеше, қазақ қыздарының ғасырлар бойы «Елім-ай» деп, сары даланы күңірентіп салған зарлы әнін бүгінгі күні жаңа күймен ұрыс алдында біз шырқасақ, оның айып-шамы жоқ. «Елім-ай» - елін сүйген қыз жүрегінен шыққан ән. Елін сүйген ер жігіт қазіргідей заманда «Елім-ай» десе, ол – ант! Ол – серт! Ұрыс алдында жауынгердің жүрегіне төтенше махаббат құймақ. Шығыс ұлы, кел, шырқатып «Елім-айды» салайық.
  Қайғымен емес, жауға бермейміз елімізді деп, жігерленіп салайық; қасіретпен емес, ел үшін, жер үшін өлімге қарсы жүреміз деп серт бере салайық. Сен қайда болсаң да, біздің даусымыз қосылады. Сен түстікте, мен  батыста бір фашисттен өлтірсек, Отан екеу деп санайды Біздің ән де, қимыл да осылай ұштасады.
Авторы: Б.Бұлқышев
9 сынып оқушыларына арналған "қазақ тілі" кітабынан алдым)
Мөлдір, көп-көп Рахмет!!!          Іздеп*-тауып бергеніңізге!!!!!!!                            Баубек ағамыз керемет хат жазды, бірақ.....               мұны да көргенм, болмады...               ...алайда-а-а-а, тағы білесіз бе ?! _ _ _ _ ???
Оқасы жоқ! Тағы іздестіріп көрейін...болса, айта жатармын...)
Алғысым!
Эххх...өкінішке орай, ойымдағы хатты таба алмадым...((
Талпынысыңызға, ниетіңізге Алғысым, Мөлдір. Алла разы болсын.
...