1С - бухгалтерлер үшін өте ыңғайлы, жұмысын жеңілдететін, уақытын үнемдейтін жақсы бағдарлама. Ол жерде күнделікті тауарлардың кіріс-шығысын, банк выпискасын, кіріс-шығыс ордерлерін, айлықтың начислениесін, удержаниесын, перечислениесін, ос және нма, кадрлық құжаттар, осының барлығын уақытылы және дұрыс кіргізіп отырсаң кез келген отчетыңды, налоговый отчетты, справкаларды, балансты кез келген периодқа санаулы секундта шығарып алуыңа болады. Және көптеген құжаттардың стандартты дайын формалары бар, мысалы, счет-фактура, накладной, акт выполненных работ, акт списание және т.б. Проводкаларыңды да өзі автоматты түрде жасайды. Тек дайын отчет арқылы сальдо-ларың мен обороттарыңды тексеріп отырсаң болғаны. Ал Excel-де бұлардың барлығына жуығын қолмен енгізуіңе, сызуыңа, жазуыңа, түрлі формулалар қоюыңа тура келеді.