Қазақстанда өмір сүру қаншалықты қолайлы?

+2 дауыс
7.1k қаралым
Қазақстанда өмір сүру каншалыкты қолайлы .. Сіз өзініздің кауіпсіздігіңізге алаңдайсыз ба және мүмкіндік болса шет елге көшерме едіңіз?
Өмір, Тіршілік

5 жауап

+5 дауыс
Жақсы жауап
Адам баспаймын деген жерiн 100 рет басады, бармаймын деген жерiне 100 рет барады дейдiғо. Қуғынға ұшыраған бизнесмен М.А және саясаткер Р.Ә мырзалар бiр кездерi Қазақстаннан кетем деп ойлады ма?... Мәжбүр болды ма әлде өз қалауымен кеттi ол жағы бiзге беймәлiм. Бетiн әрi қылсын, Қазақстаннан көше алмаймын. "Отансыз жер - отпен тең". (осындай мақал бұрыннан бар ма, әлде жаңа шығардым ба?))).)
Белгісіз
Бұл мақалды бірінші рет естіп отырмын, әрине, сіздің арқаңызда))) "Отансыз адам - ормансыз бұлбұл" деуші еді ғой...)
Ия, осылай. Менiкi "новый мақал" болды.))) Авторлық құқығымды ұрлап жүрмеңiздер.;-)
Қорықпаңыз, авторлық құқығыңыз өзіңізде қалады!))
кейде турли адилетсиздиктерди корип,баска елге кошип кеткин келеди,брак Казакстаннан артык ел жок сиякты.тек билик басындагы КЕЙБИР адамдарды ауыстыру керек.
дұрыс айтасың!!!!!!!!!!!!!! бірақ барлық жерде бар ғой  әділетсіздік!! тек қана біздің елде емес!
0 дауыс
Мен үшін Қазақстанда өмір сүру өте қолайлы. Мүмкіндік болса да, болмаса да шет елге көшпейтін едім... Қазақстанда дүние есігін ашып, қазақ болып туылғаным үшін БАҚЫТТЫМЫН! "Туған жердің ауасы да шипа" демекші, мен үшін Қазақстан - өз үйім, алтын бесігім. "Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас." Әр адам үшін туған жерінен асқан жер бар ма екен?! "Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол" дейді... Сондықтан өз елімізге, туып өскен жерімізге борыштар екенімізді түсініп, еліміздің көркеюіне өзіміздің ықпалымызды тигізгеніміз дұрыс деп ойлаймын...)
рахмет жауабыңызға.
+1 дауыс
Арманым шет елге көшпек түгілі шет елді көру де емес. Осы өзім тұрған Шымкентімнен не ары емес, не бері емес жылжытпай-ақ  қойса соған ризамын... Осы туған жерімде туылған соң осы туған жерімнен алсын деймін. Қуса да кеткім келмейді...))
Мен де. Жарайсыз
+1 дауыс
мен Қазақстанды сүйемін, өзімнің қаны таза қазақ болып туылғаныма, осы дархан қазақ даласында өсіп келе жатқаныма қатты қуанамын!!! өз Отанымды еш жерег ауыстырмаймын!!!!
+1 дауыс

Асығып алыс күндерге,
Бір белден асып, бір белге,
Адасып қалмай бір жерде,
Айсыз қара түндерде,
Отаныңда - іргеңде
He жетсін өмір сүргенге!


-Мұқағали-

Ұқсас сұрақтар

127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы