0 дауыс
12.7k көрілді
Тайқазан не үшін қолданған?

Тайқазан – тарих еншісіндегі үлкен ескерткіш. Алты ғасырлық тарихты арқалаған осы құндылық туралы бүгінгі ұрпақ біліп жүруі тиіс қызықты деректер бар. Оқып танысыңыз.

1. Бұл қазан 1399 жылы 25 маусым күні Әмір Темір тапсырысымен сирек кездесетін асыл металдардың қоспасынан құйылған. Түркістан қаласының батысынан 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде орналасқан.

2. Тайқазанның салмағы – 2 тонна, сыйымдылығы – 3 мың литр. Қазан сыртындағы арабтың гүлденген сульс және куфи қолтаңбаларымен жазылған үш қатар жазудың біріншісінде оны шайхылардың сұлтаны Ахмет Йассауи кесенесіне арналып жасалғаны айтылады.

3. Қазан сыртындағы жазулардың екінші қатарындағы он сегіз рет қайталанып жазылған «Мубарак бад» деген сөз де құтты болсын, берекелі болсын, береке дарыған орын деген мағынаны береді.

4. Қазан сыртындағы үш қатар жазулардың төменгі жағында орналасқан отызға жуық төмпешіктерді ғалымдар «Куббалар» дейді.

5. 1935 жылы тайқазанды Санкт-Петербургтегі атақты мұражай Эрмитажға, Иран шеберлерінің III халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы, қыркүйектің 18 жұлдызында ғана тарихи отанына қайтарылады. Бұл істе, мемлекет және қоғам қайраткері, халқымыздың біртуар перзенті, ғалым этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің сіңірген еңбегін айрықша атап өткен жөн.

6 жауап

0 дауыс
тайқазанды Әмір темір 1399 жылы құйғызған болатын\ және АХМЕТ йассауи кесенесін орта азиядағы ерекше ғимарат деп көрсету үшін тайқазанды кесененің ортасына қойған шығар
безсмысла
+2 дауыс
Сұрақаты дұрыс қойш, бәлкім тайқазанды не үшін пайдаланған осылай шығар, әйтпесе бұл сұрақтың мағынасы тайқазан бірдеңені пайдаланған секілді болып тұр.
+1 дауыс
Тайқазан — Түркістандағы қасиетті қазан.

Оны Қарнақ қаласында 1399 ж. Тебриздік шебер Абд ул-Әзиз ибн Шараф әдДин 7 металл қоспасынан құйып жасаған. Оған алпыс шелек су сияды, салмағы 2 т. Қазан суы қасиетті су деп танылған. Қазанның бүйіріне өсімдік кейпіндегі өрнектер салынып, араб әріптерімен оюлап құйылған жазулары бар. Түркістан тай қазаны 1935 ж. Санкт-Петербургтегі Эрмитаж басшыларының өтініші бойынша 3-халықаралық конгреске көрсету үшін әкетілген еді. Эрмитаждың төменгі қабатында 48-залда 54 жыл тұрып, Қазақстан үкіметінің талап етуі бойынша 1989 жылдың 18 қыркүйегінде Тайқазан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі өз орнына қойылды. Оның қайтарылуына Өзбекәлі Жәнібеков көп еңбек сіңірді.

Пайдаланған әдебиет
↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
0 дауыс
үлкен той болғанда тайдың етін бірден асу үшін пайдаланған ғой
0 дауыс

ТайқазанТүркістандағы қасиетті қазан. Бұл қазан 1399 жылы 25 маусымда(хижра 801 жыл, 20-шаууал) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, сирек кездесетін жеті асыл металдың(мырыш, латын, қола, қорғасын, мыс, күміс, темір) қоспасынан құйылған. Қазанның салмағы 2 тонна, сыйымдылығы 3 мың литр, биіктігі – 1,60 метр, диаметрі- 2,42 метр.Тұғырының биіктігі - 0,54 метр, диаметрі – 0,607м.

Тайқазанның сыртқы бөлігінің өрнектелуі бес бөліктен тұрады.Бірінші жоғарғы бөлігінде қазанды айнала сулус қолтаңбасымен Құран Кәрім аятынан үзінді жазылып, ол Пайғамбар хадисімен жалғасады, одан соң қазанның кімге арнап жасалғаны, аяқталған жылы берілген. Екінші қатар ірі он кубба(емшек) және он өрнекті тұтқа арқылы жиырма картушка бөлінген. Оның қатар орналасқан екі бөлігіне сулус қолтаңбасымен шебердің өз аты жөні жазылған болса, қалған он сегіз бөлігінде куфи жазу үлгісімен парсы тілінде тілек сөз берілген. Үшінші қатарда Құдайдың Құдыреті жайла ескерту куфи жазу үлгісімен 22-рет қайталанып жазылған. Төртінші қатардағы қазанның бүйір бөлігінде тұтқа өрнектеріне ұқсас үлкен жапырақ түріндегі он ою бедерленіп, жиырма кіші кубба орналасқан. Аяқ тұғырымен шектесетін бесінші бөлігінде қиылысқан доға сипатындағы өрнектер бедерленген.[1]

0 дауыс
Тайказаннын ишине канша карамалдын ети сыйган
...