+7 дауыс
368 көрілді
Сайт қолданушыларымен қонақтарына және админ модераторлар үшін жалпыға бірдей сұрақ/ұсыныс:жауапсыз сұрақтар бөлімі күннен күнге көбейіп барады,сондықтан бәріміз бей-жай қарамай білгенімізді жақсылап жауап етуге тырысайықшы.Сонымен қатар бәріміз сұрақ қоярда сұрағымызға талдау жасап түсініктіде анық етейік,сапасыз сұрақтыда қойып қажетіде жоқ шығар деп ойлаймын.Сұрақ қанша түсінікті болса жауапта соншалықты тез әрі сапалы қайтарылар еді.Осыған қалай қарайсыздар.артық кетсем кешірім өтнем!!!

7 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
Әрине, мен де келiсемiн және бәрi де қарсы болмайтыны белгiлi. Бiрақ, солай дегенмен бұл жазғаның көп болса 1 күн,2 күн ғана сайт қолданушыларының назарында болады, содан соң осындай ұсыныс тағы да жазылады. Сол кезде бәрiмiз ия, келiсем, қосылам деген пiкiрлердi тағы да жазатын боламыз. Сол үшiн сұрақ қою жағынан ереженi ерекшелеу бұзған (ешбiр адамға пайдасы болмайтын сұрақтар мен жауаптар) қолданушылардың сұрағын сайттан кетiру жағымен жұмыстанайық та. Қолданушылар бұны түсiнедi деп ойлаймын, және сол үшiн сайттан бас тартпайтынына сенемiн. Ережемен бәрi танысқан болар... Сосын сұрақ қоюды толтырып болып "сұрақ қою" батырмасын басқан кезде "сайт ережесiн бұзбағаныңызға сенiмдiсiз бе?" (иә,жоқ) деген сияқты бiр нәрсе шығатындай етiп қойса нәтижелi болатын сияқты.
+6 дауыс
100% қосыламын,бәріміз жабылсақ бір нәтиже шығары сөзсіз.
+5 дауыс
Керемет ой. Қолдан келгенше жауап береміз ғой. Ол жауапсыз сұрақтардың түбінде білгіш бір адам келіп жауабын жазар тұра бергені дұрыс. Менде ой қоссам қолданушыларға сұрақты қоймас бұрын жоғарыдағы іздеуден тауып сосын қойсандар.  әйтпесе шаршап кетесің жиі оқып. (sweat)
+6 дауыс
Кешірерсіздер,менің жаңағы жазған пікірім негізі жауап беру ге жазбақ болғам қателесіп кетіппн,сондықтан жауапқа қайта жазып отырмын.

Қараңыздарш бұл сұраққа тек профессорлар ғана жауап беруде яғни сайттың жамандығын жасырып жақсылығын асырып жүргендердер тек профессорлар ма? Қайдасыңдар сұрақ жауап сайтының өзге қолданушылары, бұл сұрақ сендерге де тиісті...Жарайсың Думан сенімен келісем...
+3 дауыс
МЕНДЕ 100% қосыламын,бәріміз жабылсақ бір нәтиже шығары сөзсіз...
жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші ...
+4 дауыс
Сұрақтың да сұрағы бар, ананы тауып бер, мынаны тауып бер, есеп шығарып бер, кім күшті, ең биік деген сияқты сұрақтарға ешкім жауап бергісі келмейді, солар болар жауапсыз қалатын. Сосын, жауапсыз сұрақтар көбейсе не болады?  Бұл сайтқа зиян ба?
Сайтқа еш зияны жоқ болар,бірақ сайтта дұрыс,тиянақты,жақсы жауаптардың көп болуы  жауап іздеушілерге жақсы болады .
+4 дауыс
Модераторлар мен редакторларға өтініш сұрақты жаппай бірден жасыра беріңіздер себебі ол сұрақтар сайтта текке орын алып тұрады бізге оның пайдасы жоқ себебі әрбір әріптің 1 бит өлшемін алатынын ұмытпау керек.
Мысалға менікіндеме?
иә мен де келісемін. ондайларды жасырған жөн. және сайт UTF-8 кодировкасында тұр. Бұл кодировкада  1 киррилический символ 2 бит орын алады ))
...