+2 дауыс
1.2k көрілді
Қазіргі кезде балалар неге анасын тыңдамайды? :| Не итермелейді екен?

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Барлығы тәлім-тәрбиеге байланысты. Егер ата-ана баласын жақсы тәрбиелесе, өскенде баласы анасының тілін мінетті түрде алатын болады, әрі тыңдайтын болады)
Ата-ана баласын:
7 жасқа дейін піріндей тұтып,
15 жасқа дейін құлындай жұмсап,
15 жастан кейін жолдасы, сырласындай көргені дұрыс деп ойлаймын)
Мен анаммен оңаша сөйлесуге қысыламын....
Қысылатын несі бар?! Әр ана баласы үшін - дос, сырлас, кеңесші болу керек сияқты)
Сіз білесіз бе, қазақи менталитет деген бар ғой....
Білемін...сізді түсінгендей болдым...)
+5 дауыс
Қайдаам мүмкін еркелік шығар?
+4 дауыс
Балалар ерке болып кеткен,анасын тыңдамайтын балалар өмірде көп!Анасын тыңдауы тиіс,себебі анасы жамандыққа ұрынбасын деп ақылын айтады,ал балалар болса ұрысып кете салады!
+4 дауыс
себебі тәрбие берілмейді ғой... тәрбие балаға ана құрсағында жатқанда берілуі керек. жапондарда айтады ғой,бірде бір келіншек алты айлық баласын психологқа алып барыпты. келіншек балам 6 айлық,қалай тәрбиелесем болады дегенде,сонда психолог сіз кеш келіп тұр екенсіз деген екен..
+2 дауыс
Ата-анасын сыйламау екі дүниедеде оңбайды. Қасиетті Құрандада ата-ананы сыйлау туралы түрлі сөздер жазып кеткен. ИншАллах бәріміз тындайқ, сыйлап өтейк.
+3 дауыс
Қазіргі кезде 98-дей% елдің бәрі баласына дұрыс тәрбие бермеуде десем қателеспейтін шығармын. Ал негізі есейгенде баланың өзіне де байланысты, надандығына...
+4 дауыс
Нарықтың әсерi. Тәуелсiздiк алғалы бала-бақшаларға дейiн жекешелендiрiлдi. Мен қазiр бала-бақша ашқым келсе,ол оп оңай. Үкiмет қарызға ақша бередi, рұқсатын бередi. Тек сол ақшаны  уақытында көрсетiлген пайызбен қайтарсам болғаны. Ендi бала-бақша тәрбие берудiң ең маңызды кезеңi ғой. Бала тәрбиесi де нарықтық экономикаға бағынғасын сапалы тәрбие қайдан болмақ? Мектепке дейiнгi мекемелер мемлекет қарамағында болып оның басшысы құзырлы орган алдында жауапты болуы тиiс.Сонда ғана ол бала бақшаның басшысы жауапкершiлiктi сезiнетiн болады. Себебi осы ғана...
...