Агентке ең алғаш кіргенімде мен үшін оның пайдасы шаш етектен еді, себебі алыс-жақынмен бір сырласып, сыбырласып қалдық. Уақыт өте келе қызықсыз боп кетті, мен агентке көбіне уақыт өткізу үшін кіремін, яғни ермек үшін. Агент шынайы емес вертуалды өмір, дегенімен виртуалды болса да қимас достарым көп. Қазіргі таңда агентте отырмайтын жастар жоқ, кейде "алло" деуге бірлігің болмай жатқанда агент тиімді көмек береді. Ал агент арқылы болашақ жарыңды кездестіру дегенге тіпті сенбеймін, агентпен танысып шаңырық көтерген жас отбасыларының бірнешеуінің куәсімін. Әу баста бір-бірінің мінезіне қанық емес олар, отбасын құрған соң бармақ шайнап жатады. Агент арқылы болашақ жарымды кездестірермін деп тіпті армандамаймын.
Бір өкінштісі агент мектеп қабырғасындағы оқушылардың санасын улап бітті, олар уақытының көбінде агентте отырады.
Тағы бір болған оқиға, біздің бір көршіміздің баласы осыдан үш жыл бұрын шаңырақ көтерген, аяғы ауырлап келген келін сүп-сүйкімді екен. Олар қазір екі баланың ата-анасы, алайда сол келін жарын, әп-әдемі екі баласын тастап, агентте танысқан жігіттің сөзіне еріп кетті. Бір шама уақыттан кейін қайта келген оны екі баласы үшін кешіріммен қарап, қайта қабылдады. Алайда ол жақсылықты түсінген жоқ, әлгі жігітің сөзіне еріп тағы кетті. Бұған ашуланған енесі екі немересін алып қыздың шешесіне апарып тастады. Ел-жұрт қызын ұзатарда ұялы телефонын алып қалғаны жөн болар еді, егер оған телефон ұстау керек деп тапса күйеуі-ақ алып бере жатар.
*Не ғой, аты-жөнім мен жасымды жеке хат арқылы жіберейін.*