Қоғамда әншiлердiң де шындықты айтуда алатын орны бар екенiн ұмытпа. Мен шындықты шырқыратқан әншiнi де естiгем.
(мысалы:
Сөйле тiлiм алаңдама тартынба,
Шындықты айтып найзағайдай жарқылда.
Қалай ғана өмiр сүрдiм дей алам,
Бiр ауыз сөз қалмаған соң артымда.-деп басталатын)
Бiрақ қазiр әншiлерге дейiн белгiлi бiр адамды ғана қолдап қана шырылдайды да жүредi. Шындықтың демократияға қатысы бар болса, ән арқылы да,жыр арқылы да, өлең арқылы да халық жүрегiне шындықты жеткiзуге болар едi.