0 дауыс
665 көрілді
маған "Мұхаммед-адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы" атты тақырыбында кем дегенде 5 беттей мәнжазба тауып беріңіздерші!

2 жауап

+1 дауыс
Адамзаттың Асыл Тәжі немесе Ғаламның Рақым Нұры атты кітаптарды оқып көріңіз, бәлкім шабытыңыз келіп өзіңіз одан да көп жазып кетерсіз.
0 дауыс
Адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы, ислам әлемінің жарық жұлдызы болған Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у) өзіне пайғамбарлық міндеті жүктелісімен жақындарынан тартып барлық адамзат баласына ислам дінін насихаттап, сол арқылы адамның - адамға деген, ұлтқа деген, елге, жерге деген, отанға деген сүйіспеншілігін оятты. Пайғамбардың бұл әрекеттеріне сол кездегі меккелік байлармен басқыншылар, бәдәуйлермен надандар барынша қарсылық танытып, «Ата-баба дінінен бас тартпаймыз, пұтқа табынушылық дәстүрінен айырылмаймыз» - деп, түрлі кедергілер келтіріп, сөзбен де іспен де адам айтқысыз қянаттар жасады. Осыдан кейін оның (с.ғ.с) өмірі көптеген қантөгістер мен қиындықтарға тап болды. Бір айта кетерілігі Мұхаммед (с.ғ.с) өзі бастап сол мүшіріктерді ұрысқа шақырған емес, тек қарсы келген жаудан өздерін қорғау мақсатында ғана қантөгіске жол берген.

Бірақ Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оларды ешқандай да жамандыққа қиған жоқ. Өйткені ол өзінің отанын, ұлтын және елін, жерін сүйетін еді. Пайғамбардың (с.ғ.с) сондағы мақсаты Аллаһ Тағаланың адамзат баласына түсірген шынайы дінін сүйіп, оның дәрежесін көтеру болса, енді бір мақсаты өзінің ұлтын сүйіп, бір қаннан тараған қандастарын сол дінге шақыру болды.

Исламның нұрын жүрегіне сіңірген  адам мейірімді болады, өзінің отанына ұлтына деген сүйіспеншілігін жоғалтпайды. Ислам нұрымен сусындаған адам қайырымды болады, сол арқылы елімен жеріне адал қызмет атқарады, сол қайырымдылық нәтижесінде жылағанның жанына шуақ, жығылғанның жанына тіреу бола алады. Жүрегінде иманы бар адам батыл, ержүрек болып келеді. Ол тек бір Алладан ғана қорқады. Сол арқылы отанына төніп келген сыртқы жауларға да қаймықпай қарсы тұра алады. Ондай адам ешқашан ұлтын сатпайды, дінімен тілін, өз менталитетін берік ұстайды және асқан қайратты әрі намысшыл болып келеді. Исламның шынайылығын мойындаған адамның өзі де шыншыл әрі турашыл болып өседі. Өйткені ислам діні – жалғандық пен жасампаздыққа жол бермейді.

Бұл турасында  Бас мүфти Әбсаттар  қажы  Дербісәлінің  бір  сұхбатында: «Ислам адамның  абыройы мен ар-ожданын  бәрінен де жоғары  қояды, отбасы мен қоғам  бірлігін, ынтымағын сақтайды, әлеуметтік  әділетті көздейді» - дегені бар еді. Әрине шынайы мұсылмандар ешқашан атақ-абыройымен ар-намысын дүниелік құбылыстармен айырбастамайды.

Кез келген діндар адам – ұлтшыл, кез келген ұлтшыл адам – діндар болып келеді. Ал исламның шуағынан жылу ала алмаған кез келген жанның жүрегінде жылу болмайтыны анық. Жүрегінде жылуы жоқ, дінін сүйе алмаған әрбір адам өзінің ұлтын сүйе алмайды. Жалпы ұлтты сүю неден басталады? Ұлтты сүю – сол ұлттың дінін сүюден және сол дінді берік ұстанудан басталады. Ұлтты сүю – сол ұлттың салт-дәстүрін сыйлаудан басталады. Ұлты сүю – сол ұлттың тілінде сөйлеп, әдет-ғұрпын сақтаудан басталады. Егер ұлтың аяусыз болса, опасыз болса, білімсіз, надан болса қалай сүймекпіз?! Бұндай жағдайда тағы ислам шарттарына жүгінеміз. Ислам адамдарды әрдайым кешірімшіл болуға шақырады және исламның ең басты тірегінің бірі «Білім алу» болып табылады. Осы арқылы қоғамдағы надандықты жойып, жіберген қателіктерін кешіріммен қарауды көздейді.

Әрбір ұлттың өз ерекшелігі бар, өзіне тән қасиеттері бар. Мысалы: алысқа бармай-ақ күнделікті көз алдымызда бала-шағасын арқалап, шұбырып жүрген сығандарды алып қарасақ, олар орысша немесе қазақша сөйлеп жүрген жоқ. Демек бұлар өз ұлтын сүйетіндігін көрсетеді және өзін-өзі сыйлайды. Бұлардың отаны жоқ болғанымен отбасылары бар. Қазекем айтады «Өз-өзіңді сыйласаң, жат жанынан түңілер» деп. Өзіңді өзгеге сыйлатқың келсе бірінші өзіңді сыйла, сонда барып басқалар сені мойындайды. Өзіңе қалаған жақсылықты басқаларға да қала, бірақ басыңа түскен қиындықты басқаларға тілеме. Сонда барып, өз ұлтыңды сүйетін ұлтжанды жандар қатарына кіресің. Ең өкініштісі біздің қазақ өзі айтып тұрып өзі мойындамайды, біле тұрып жасамайды. Қазылған орды көріп тұрып құлайды, өзі құлағанымен қоймай басқаларды да құлата кетеді.

Жер бетінде жексұрын ұлт болмайды. Оны жексұрын етіп көрсететін тек өз ішіндегі алауыздықтар мен арсыздықтыр, дінмен дәстүрге қайшы әрекеттер және адамдардың бір-біріне деген аяусыз қянаттары. Мұндай әрекеттер өздерін – өздеріне қандай сүйкімсіз етіп көрсетсе, өзгеге де солай көрсетеді. Міне осындай жағдайлардан кейін өз ұлтына деген жанашырлық сезімі суып, жүрегі қарайып, өзінен өзі алыстай бастайды. Ал, орыс жазушысы Гоголь – Аллаға деген алғашқы махаббаттың - өз халқыңа деген аяушылық сезімнен басталатындығын жазып қалдырған екен.

Бар қазақтың баласын, тек бір қазақтың баласы ретінде сүйіп өткен Абай Құнанбайұлы да адамдарды бір-бірінен бөліп-жармауға үгіттейді.
...