+4 дауыс
764 көрілді
Қазақстандық интернет сайттарға түрлі бейне клиптер мен фильмдерді автордың рұқсатынсыз орналастыруға тыйым салынбақ. Бұдан былай ғаламторға өз еркімен ән мен күйді жүктейтіндердің жолы кесіледі. Өйткені елімізде «Авторлық құқық пен сабақтас құқық жөніндегі» Заңға толықтырулар енгізілді. Өзгерістер 31 қаңтардан бастап күшіне енеді. Сөйтіп, біреудің өнімін ғаламторға заңсыз орналастырғандар қомақты айыппұл төлейді.


Ғаламторға сан алуан ән мен биді, фильм мен бейне түсірілімдерді емін еркін орналастырып келгендердің жолы кесілетін болды. Зияткерлік меншіктің сойылын соғатын мамандар авторлық құқықты қорғауға мықтап кірісті. Енді интернетке әнші мен күйшінің туындысын орналастырушылардың қалтасы қағылмақ. Бірінші, ақпаннан бастап Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселесі бойынша өзгерістер енгізіледі. (деп хабарлайды жоғарыда отқан ағаларымыз, толығырақ мына сайттан көре аласыз http://www.muftyat.kz/index.php?newsid=5464)
Сұрақтың жабылу себебі: рахмет , ойларыңды бөліскендеріңе

5 жауап

+2 дауыс
Шынымен күшіне еніп жатса жақсы ғой, біздегі кейбір заңдардың заң деген аты болмаса орындалып жатқандары кемде кем........
Бірақ әншілер өнер адамдары тойды ақысыз жүргіссін деген де заң енгіссе келісуге болады!
Әншілердің не күнәсі бар еді, олар да нанын сол тойлардың арқасында жеп жүрген жоқ па?
ия, әрине......
Осыны істетіп откан әншілердің озіго ! осы заң енсе кушіне олар өз әндерін әр сайтқа сатады ! егер руксатсыз әндерін бір сайттан корсе сотка береді! Шетелдердегіндей
Олай емес. Әншiлер үшiн олардың шығармалары ғаламторда қаптап тұрса  олар үшiн пайдалы болмақ. Ең маңыздыс Мейрамбек айтатын әндi Медетбек айтады деп жазып қоймаса болды. Ал, бұл туралы заң бұрыннан бар емес па. Сайттардың ережесiнде ескертiлiп тұратынын бұрыннан бiлемiз ғой.
Белгісіз
Базардағылар құрыса жақсы болар ед.
+5 дауыс
Менiң ойымша бұл Заңды жүзеге асырудың негiзгi мақсаты ауторлық құқықты қорғау емес. Шындықты бейнелейтiн жазбаларды (Жаңаөзендегi оқиға сияқты, митинглер мен ереуiлдер сияқты жазбалар) ғаламтордан аластату. Бұл жaғдай интернеттiң дамуына керi әсерi болады және демократияны шектейдi. Сондықтан бұл бастаманы қолдамаймын.
Медетбек  оте дурыс айтасын. Укимет бурыннан ак халыкты уысынан шыгармай устагысы келеди.
+4 дауыс
Медетбек дұрыс айтасың, бұл ешқандай да авторлық құқық қорғау емес нағыз қитұрқы заң, қанды цензура. Бұдан былай ғаламторда болсын,баспасөзде болсын "сайт қолданушының көзқарасына жауап бермейді"- деген сілтеме күшін жояды деген сөз. Кез-кенген Админ енді өз қауіпсіздігі үшін шындықты жарияламауға мәжбүр болады. Бұд заң қазақ ғаламторының өркендеуіне де зиянын тигізеді. Ал ән мен күй тек сылтау ғана, кез келген ақын,кез-келген әнші өз өлеңі мен өз әнінің халық арасына кең таралуына мүдделі емес пе? Халық ауызынан өлеңдері,әндері түспей жүргені олар үшін мақтаныш емес пе? Демек пәле басқа жақта болып тұрғандай.  Менімше бұл заң елімізде кең қолдау тапса Қазақстан демократиясының құны көк тиын болғаны болады. Мұны әлемдік қауымдастық қолдайды дегенге сенгім келмейді.
Орынды жауап. Дұрыс түсiндiре алдың. +1
Белгісіз
+3 дауыс
Осы уақытқа дейін қайда жүрді? Заң күшіне еңсе, сайтқа сурет/видео/өлең/ біреудің мақаласын салатын болсаңыздар, сілтемесімен салыңыздар. Әншілердің ән жинағын қолдан сатып алмақ түгілі, интернеттен де сатып алмайды. Ағылшын-орыс сайттарынан тегін жүктей бересің. Ондай заң қатаң өз күшінде сақталмайды.
+1 дауыс
Базардағы пираттар құрыса бәрінен де.
Оларды құрту қиынғо, біреуін құртсаң екіншісі шығады, екіншісің құртсаң үшіншісі шығады.....
...