0 дауыс
2.2k көрілді
Сықықшы сатирик ақындардың өлең жолдары керек еді өтініш тауып беріңіздерші жарысқа керек еді ертен болатын?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Көтеріліп қысымы,
Ішімдіктің үш ұлы:
Коньяк, Арақ, Шарап,
Қарап тұрмай қақтығысты:
– Кім білмейді мөп-мөлдір
Ақты күшті?
Үмітті үзбейтіні де – мен,
Шарқ ұрып іздейтіні де – мен.
Бармайтын көп егеске,
Дап-дайын төбелеске
Тастан да, таудан қайтпайтын,
Достан да, жаудан да қайтпайтын
Бақытың, Күн-айың да – мен,
Танысаң таны,
Танымасаң құдайың да – мен! –
деп Арақ шіренді.
Осы кезде реңді
Коньяк шықты паңданып:
– Не деп тұрсың сандалып?
Қолыңда – найза,
Іздегенің – жау.
Маған жету қайда –
Шешетінім – дау.
Кеудемде жұлдызым бар,
Құдаң бар, ұл-қызың бар
Ортасында мен жүремін.
Көнбейтінді көндіремін.
Кімнің айтшы күмәні бар
Мықтылығымда енді менің?
Осылай қоқиланып,
Жан-жаққа қарап алды.
Жасы үлкен болса-дағы
Соңғы сөзді Шарап алды:
– Бәріңнен үлкен едім,
Демеймін үркек едім.
Дегенмен, бауырлар-ау,
Тиісіп, түрте бердің.
Біреуің жау сұрайсың,
Біреуің дау сұрайсың.
Қос інім, сабыр сақта,
Осылай ойсырайсың.
Бірігіп жан бағайық,
Заманда алмағайып.
Айтты да ақыл мәнді
Моп-момын Шарап аға,
Бірлікке шақырған-ды.
Бірақта ешқайсысы
Кішіріп, пәсеймеді.
Жөн біліп бір-біріне
Иіліп бас имеді.
Шіреніп шықты бәрі
Мен ғана бас білем деп.
Сол сәтте үшеуін де
Түк қоймай қағып салды
Қаңғыған маскүнем кеп.
 
* * *
Ағайын араз болып,
Осылай сөз қумасын.
Не болды ақырында –
Қаңғыған маскүнемнің
Жабылып жазды басын.
 
Толымбек ӘЛІМБЕКҰЛЫ.
http://dmk.kz/?cat=26 мәлімет мына жерде)
жарысқа мұны оқымайтын шығарсыз, қай тақырыпқа керек?
тағы басқа жоқ па бұны жарысқа қалай айтам????????????????????????????????
+1 дауыс
алғашқы махаббатқа хат
ғашығым,ғашығым,
сен есіме түскенде,
түсіп кетед қолымдағы қасығым,
осымен хатты бітемін,
өзіңнен жауап күтемін..
Көпен Әмірбек
...