Қант диабетін алдын ала байқау мен емдеуге оны туғызатын себептердің нақты анықталмай отырғандығы кедергі болып отыр.
Диабеттің 1-типтік түрі инсулин өндіретін асқазан безінің реакциялары бұзылған жағдайда пайда болады. Ауруды тудыратын бірнеше себеп бар: вирустар, жеткілікті түрде ана сүтін ембеу және баланы сиыр сүтімен ерте тамақтандыру, құрамында азотты заттардың, тамақ пен суда токсиндердің болуы. Мәселен, дамыған елдерде суды шектен тыс тазартқанда пайда болған кейбір антигендерге организмнің жеткілікті түрде қарсы тұра алмауы да диабет ауруына шалдығуға әкеп соғады екен. Дегенмен, 1-типті диабеттің туындауының түпкілікті себептері табылған жоқ.
Ал мамандар 2-типтегі диабеттің таралуын тоқтатуға болады деп есептейді. Бұған дене салмағын азайту, физикалық жүктемені ұлғайту, дұрыс тамақтану ықпал етеді. Басқаша айтқанда, батыстық өмір салтын түбегейлі өзгерту керек. Диабеттің алдын алу үшін дене салмағын бақылау балалардың 25%-ы семіздіктен қасірет шегетін Египет, Мальта және АҚШ сияқты елдерде қолданылады.
Семіздік пен 2-типті диабеттің арасындағы тікелей байланыс әлі күнге дейін анықталмаса да, адам толық болған сайын оның инсулинге қажеттілігі арта түсетіндігі дәлелденген.