Өте орынды сұрақ! Сіздің жанашырлығыңыз бен адал достығыңыз қуантады, ақылды қызсыз. Ал сыныптасыңызға келер болсақ, алдымен мән-жайды біліп алған дұрысырақ, олар неге темекіге әуес болып жүр? Еліктеу ме әлде басқа ма? Менің де бір досым жастайынан темекі тартатын, әрине мен оның онысымен әсте келіскем жоқ, сонда ол мұңайып тұрып "сен түсінбейсің ғой..." дегені, сөзінің астарына үңілсем отбасындағы қиындық кері әсерін тигізгендей, оның жетім екенін де кейін білдім. Сол айтқандай олар әлдебір күйзеліске түсіп, өміріне көңілдері толмай жүрген болуы мүмкін.... Ол қылығын ата-анасына немесе мұғалімге айту орынсыз, ренжітіп аласыз, араға көзге көрінбес сызат түсіп, өштесуі мүмкін.... Ең дұрысы, темекінің денсаулыққа зиян екендігі туралы тамаша бір жиын ба, ашық сабақ па.... өткізу керек. Ал әлгі оқушыларды сондағы бір тамаша скетч кейіпкері етіп ойнату керек, сонымен қатар темекіге қарсы қабырға газеттерін жазып ілу керек. Сана-сезімдері бар болса өздері-ақ қойып кетеді әлі. Тек әлгі скетч әсерлі болса......