+2 дауыс
45.2k көрілді
Ассалаумағалейкум достар! Маған өзімнің сүйген адамыммен қоштасу үшін оған айтатын сонғы сөздерді жіберіңдерші. мейлі өлең болсын, қара сөз болсын әйтеуір оны қатты сүйгенім үшін онымен қоштаса да алатынымды айтқым келеді.

11 жауап

+4 дауыс
Қазбалап сұрамайын тек айтарым ҚОШТАСТПАШЫ АЯЛА ӨМІР БІР-АҚ РЕТ БЕРІЛЕДІ::::БҮГІН БАРМЫЗ;ЕРТЕҢ ҚҰДАЙ БІЛІПТІ НЕ БОЛАРЫН .....мә қоштасу өлең
Жалғыз жүрек қайғарады сені іздей
Жүрегім сенің жүрегіңмен егіздей,
Кеше ғана қол ұстасып жүр едік
Мәңгі бірге боламыз деп сөз бердік
Бүгін міне алыстады арамыз,
Енді кетіп екі жаққа барамыз
Тағдыр неге жолықтырды біздерді,
Үміт беріп, оны қайта сөндірді
Жылдар өтті іздемедің сен мені
Жолықтырған шығарсың-ау өзгені,
Мейлі,мейлі бақытты бол суйгенім
Осы менің ең соңғы айтар тілегім;(

Авторын білмеймін, автордың өзі кешірсін рұқсатсыз алғаныма(
шаң басқан архивтерден ба мына өлең?
білмеймін..алдыңғы ғаламтордан көшіріп жазып алғам...
+3 дауыс
Ұмытармын мен сені...

Сертің қайда,
Сезім қайда,
Төзім қайда, қылықтым?
Сен екеуміз бірге күлген шақтарды,
Бал бақытқа куә болған бақтарды,
Есіңе алшы,
Есіңе алшы,сүйіктім!
Бақытты едік біз неткен,
Алып ұшып жеткенімде алыстан,
Сезім бүрін жармаппа еді гүл көктем.
Сен сыйладың бал күндерді бірге өткен.
Қайырлы түнім өлеңменен өріліп,
Жырымды да тыңдаушы едің жүрекпен.
Жанарыңның жалынымен еріттің,
Кірпіктерің қазір жебе,
Неге олай, көріктім?!
Әттең, әттең, қателескен екенмін,
Албырттықпен жүрегімді бүтінімен беріппін...

Сертің қайда,
Сезім қайда,
Төзім қайда, қылықтым?
Мол күндерді,
Сол түндерді, неге оңай ұмыттың?
Қалағаның сол болса егер не шара,
Өрлігім де,
Ерлігім де –
Саған жазған жырларымды жырыттым.
Айқайладым, мыжырладым, лақтырдым,
Жүрегімнің жарақатын тырнағыммен жұлыппын...
Жас емес-ау қаны сірә жүректің
Ақ қағазды айғыз-айғыз жуып тұр...

Ал қазір ше...
Қазір мүлде тұйықпын.
Жүрегімнің төрі қалды құлазып.
Күзетумен кілті сынған құлып тұр.
Шыр-шыр етіп сәби сезім даладан
Жетімсіреп есігімді ұрып тұр...
Сезім – соқыр, көңіл – керең болғанда,
Солғанда қаңыраған сүлік құр.
Арманда ұмытармын мен сені,
Қалғанда қара Ертіс құрып бір...

Қош бол арманым

Тағдыр мені жолықтырды бір саған,
Махаббаттың сезімдерін арнаған.
Сүйемін ғой сүйіп келем әлі де,
Мен емес пе жалғыз сені аңсаған.

Арман қуып алыс кетем әлі де,
Қуып жетсем мүмкін болмас бәлкім де:
Қанша айлар, күндер өтті қиялмен,
Бүгін міне көзім жетті бәріне.

Сүйе алмайсың мен секілді сен мені,
Неге айтпайсың сүймейін деп мен сені.
“Ұмытамын” деп сенемін мен дағы,
Қимай қарап келіп жеткен бұл күні.

Отырмын мен ойлап сонша қиналып,
Көз жасымды төгіп қалай мұңайып.
Сен тұрмайсың әрбір менің жасыма,
Қош бол енді, қош бол мәңгі арманым.

Неге тағдыр маған сонша мұң берді,
Неге жаным кездестірдім өзіңді.
Кетсем екен алыс шарлап өмірден,
Бәлкім сонда ұмытармын мен сені.

Қош бол

Сенен алар жауапты кімнен алам,
Сан сұрақтар толысқан неше қадам.
Арман болып кеудемде жалықпастай,
Мен кезігіп, ұнатқан қандай адам.

Кімге сенем саған ба, жоқ өзіме?
Мейлі көнем тағдырдың тәлкегіне.
Өзіңмен бір жолығу арман болып,
Сақталса қайтем енді сен сөзіме.

Білсең ғой менің қалай өзгергенім,
Бір сен деп ойлауменен жыр тербедім.
Уақыттың алыс кетіп өтпегінде,
Жаным деп мен мен артында қош бол дедім.
жақсы теңеу екен  қылықтым....
+3 дауыс
Ей, бала! Қоштасу хатын бізге жаздыратын не сорын? Еш намысын жоқ екен.
Мазмұны былай: Алғаш көрген/танысқан сәттен/кезден бақытты болған кезге дейін жазып, арт жақтарында "Мен сені сүйемін пәленше, бірақ біз бірге бола алмаймыз, осы ең соңғы хатым бақытты бол. Сен мәңгі сүйіп өтемін. Тағдыр осылай жазған шығар, бәлкім сен саған лайық болмаған шығарсың? Сен алғашқы және соңғы емессің, мені де бір күні жақсы көретін қыз да табылар. Егер, бұл шынайы махаббат болса, тағдыр бір күні қайтадан кездестіріп қалар. Иншаллаһ....." Бауырем осылай жазып қойма. Қоштасуға не түрткі? себебін жазшы?
Себебі мен оны сүйген секілді оның мен сүйгендей сезімі жоқ. Бірақ мені іштей жақсы көреді, жігіттердің алдында сезімімді ашып корсетпеймін деп өз алдына мақсат қойған секілді, кетейін десем жібергісі келмейді, қасында қалсан қинайды.  Маған басқа қыздар ұнамай тек сол қыздың ұнаған себебі, оның мінезі, ақылы, сұлулығы барлығы-барлығы менің көңіліме ұнады. Мен оны жүрекпен сүйдім. Соңғы қорытындым шын мәнінде сүйген журектің ұмытуға да күші жететінін ұққандай болдым. Ол шын сйүгеніме әлі де болса көзі анық жетпеген сыйайлы.  Мен оған шын сүйгенімді соңғы рет айтып оны мәңгіге ұмытқым келеді, өзімді және өзгені қинауға батылым жетпейді........... Не істерімді білмедім, тіпті сұрақты да дұрыс қоймаған болармын, оны ойлай ойлай өмірден түңіліп кете жаздадым. Бірақ ақылға салдым, ен дұрыс шешім қоштасу хатын оған жіберу деп ойладым.
Белгісіз
+4 дауыс

Сыр ашылмай кете ме деп жүректен,
Қорқыныш бар әлі солай неліктен.
Күлім қаққан, сыр ұқтырар көзіңді,
Аман-есен сақтаса екен жаратқан.

Сезбедің, ұға алмадың сырларымды,
Өзіңе арнап жазған жырларымды.
Сенбедің ұзақ түндер сені ойлаумен,
Сыртында терезеңнің тұрғанымды...

Ұмытам қалай өзіңе қосқан күнімді,
Ақталам не деп азырақ достан бүгінгі.
Түсіріп алдың аспандағыңды,
Ала ғой, бердім сұраған "бостандығыңды"....
+2 дауыс
Қоштасу
Сен мені аңсамадың, іздемедің,
Қарсы алдыңнан шықты ма іздегенің?
Көктем болып жұтылып кеттің жазға,
Ал, жүрегім айналды күзге менің...

Телефон да шалмайсың, хабарың жоқ,
Шоққа айналып барады жанарымда от.
Қалтарыс пен бұлтарыс толған өмір,
Ұмытамын мен сені...Амалым жоқ.

Хат жазамын, сол ғана айла, күшім...
Жауабың жоқ...Әлсіз бе байланысың?
Сені сүйген шығармын кім біледі,
Өлеңдегі мұң менен ойлар үшін...

Таусылмастан төгілсе жарық қанша,
Мен өзіңді күтемін жалыққанша...
Келмейтінің белгілі...Олай болса,
Келесі бір өмірде жолыққанша!
+3 дауыс
Менің өлең шығаратын ақындық қасиетім жоқ)) Қара сөзбен жазып көрейін...

Сәлем, "____"! Саған көптен бері бір маңызды жайт жөнінде айтайын деп едім... Бетіңе айтуға батылым бармады... Хатпен жазуды жөн көрдім... Осы уақытқа дейін сенімен өткізген әр сәтімді қуанышпен еске аламын. Сенімен өткізген күндеріме еш өкінбеймін. Мен сен үшін бәріне дайынмын. Тіпті, сені қатты сүйетінім соншалықты, сен үшін махаббатымызға да "қош" дегім келіп отыр...Шіркін, сен де мені солай сүйе алсаң ғой... Онда мүмкін бәрі де басқаша болар ма еді?! Мен сені жанымдай жақсы көремін. Алайда, біз бірге бола алмаймыз... Мүмкін, маңдайымызға жазылғаны осы болар... Мен көп ойландым, толғандым... Соңында бір шешімге келдім. Айырылысқанымыз жөн болар......................................... біраз уақыт өткеннен кейін мені дұрыс түсінесің деген ойдамын.
Мен сені жүрекпен сүйдім. Сенің арқаңда мөлдір, шынайы махаббаттың дәмін таттым.  Шын мәнінде сүйген жүректің ұмытуға да күші жететінін ұғындым... Сен әлі менен де жақсы жігіт кездестіресің деп ойлаймын. Бірақ ол жігіт дәл мендей сені сүйе алар ма екен?! Айтарым сол...Бақытты бол! Үнемі бір Аллаһ жар болсын! Мен сені сүйдім!!! Осыны есіңнен шығарма! Қош бол, менің сүйікті махаббатым!

Дұрыс немесе дұрыс емес екенін білмеймін... Сұрағыңызға және жазған пікіріңізге сүйене отырып жаздым...
Мөлдiр, әсерлi қылып жазыпсың. Жүрегiме әсер етiп кеттi ғой.;-) Маған деген сезiмiң осыншама ыстық екенiн түсiнбей келгенiм үшiн кешiршi. Меннен қателiк болды. Махаббатымыздың мұнша қадiрсiздiгi, сезiмге қиянат жасағанымыз екеумiз үшiн де дұрыс емес дүние екенiн кеш те болса түсiнiп отырмын. Сен менi кешiр. Қарсы болмасаң қол ұстасып армандарға бiрге қанат қағайық! -деп түсiнiп қалуы да мүмкiн ғой.))
Белгісіз
Олай түсінуі де мүмкін, Медетбек!)  Қызға түсінікті болып, қыз жүрегіне жететіндей етіп Hacker-дің өзі қорытындылар)
+4 дауыс
Бауырым, түсінеміз ғо. Қыз да әлі бір шешімге келмеген секілді, я былай, я былай бір жағына шыққаны жақсы еді. Сенің сезімінді сезбейді, бірақ жібергісі келмейді. Бауыр басып қалған саған.
Себебі: мен оны сүйген секілді, оның мен сүйгендей сезімі жоқ. Бірақ мені іштей жақсы көреді, жігіттердің алдында сезімімді ашып көрсетпеймін деп, өз алдына мақсат қойған секілді Кетейін десем жібергісі келмейді, қасында қалсан қинайды. Маған басқа қыздар ұнамай, тек сол қыздың ұнаған себебі. Оның мінезі, ақылы, сұлулығы, барлығы-барлығы менің көңіліме ұнады. Мен оны жүрекпен сүйдім. Соңғы қорытындым шын мәнінде сүйген журектің ұмытуға да күші жететінін ұққандай болдым. Ол шын сйүгеніме әлі де болса көзі анық жетпеген сынайлы. Мен оған шын сүйгенімді соңғы рет айтып оны мәңгіге ұмытқым келеді, өзімді және өзгені қинауға батылым жетпейді........... Не істерімді білмедім, тіпті сұрақты да дұрыс қоймаған болармын, оны ойлай ойлай өмірден түңіліп кете жаздадым. Бірақ ақылға салдым, ен дұрыс шешім қоштасу хатын оған жіберу деп ойладым.
Мен де дәл осылай ойлағанмын....... Егер, шынымен солай істесең "ақ қағазға" әдемілеп жазарсың. Ол естелік болып қалады немесе қыз жыртып/өртеп жіберуі мүмкін. Қыз оқып көзіне жас алады, жас алғасын түнімен ойлайды, енді қайтсем екен деп... Біраз уақыт өткеннен кейін сені өзі деп келуі мүмкін.  Иншаллаһ солай болып қосылып жатсандар, жазған хатынды әлі-ақ күліп еске аласындар. Бақытты бол, ұшырып алмай бақытынды. Шынымен де төзімнің  шегі болады екен.
+2 дауыс
Арман аспанмен тілдескен терек шынар..
Мумкін бізге енді мулде кездеспеу керек шығар...
Жазбай таныр жолыңды тағдыр ұлы,
Бақыттыңда бағасы салмақтырақ,
Бір-ақ күндік болған соң бар ғұмыры..
Сезіміз сақтасын қыстық қалпын,
Махаббаттың маусымы шуақ шашар,
Үш-ақ күндік болған соң ыстық бәлкім..
Тілегіміз сұраған бола салмай,
Арман асқақ қалпында қалған дұрыс,
Сен де менің алдымда аласармай..
Болды осымен беліңді бекем буғын,
Тағы да бір дәлелдеп қоштасайық,
Махаббаттың мәңгілік екендігін..
Бұғып жатқан бейнеттің жолын ашпай,
Жолығысып қалсақ та жайбырақат,
Жайымызға кетейік танымастай..
Тапқанынша жанымыз көктен туыс,
Пасықтарша пенденің күйін кешпей,
Шын ғашықтар сағынып өткен дұрыс..
Жарқ еткен гул сезімнің жарты жұмақ,
Жауыз болып өткенше қосылып ап,
аңыз болып қалғаның артығырақ..
Өз өзіміз кетейік жанып іштен,
Өмір сүру мен үшін маңыздырак,
саған деген сарғайған сағынышпен..
Бұйырған қыз жаны ғой тәні жатқа,
суйгенiмдi каласан гумыр бойы,
Солай жаным кетейік екі жаққа..
Қалу үшін қалпыңда жанын ізгі,
Тәңірімнен тілеймін енді өзіңмен,
Тоғыстыра көрме деп жолымызды..
Махаббаттың болмайды жаңа,
Мәртебелі қалпыңмен биікте қал,
Сонда еркем суйемін сені ғана!...
+3 дауыс
Ммм. Демек өмірде сүю үшін өз мақсат, мұрат қойған қызыңды тауып, оны сүйіп одан айырылғым келмейді де. Бірақ мен саған айта алман қоштас деп. Қоштассаң жүрегіңдегі жараны екі есе сорайтып азып кетесің. Адам азса шынайы махаббаттан азады дейді ғой. Араңызда ешқандай бөгет жоқ ғой. Сен және ол. Онда саған айтарым қоштаспа. Қоштаспа. Қоштаспа. Зейін салып баяғы заманға қарап, сосын қазіргімен салыстырсам. Қазіргі заманның махаббатына ешқандай кедергі жоқ ғо. Сол үшін сезімді бағалаңдар.
+2 дауыс
бай бай май лоув, ай лоув ю!!!деп коштаса салсайш. Кайтесін сүйгеніңмен қоштасып, өмір алма кезек, әлі бірге болар күн туады. Алдағы күндерден күдер үзбе!
+2 дауыс
Ұмыт мені, бар күшіңді жина да,
Арамызда  орнасыншы  сый ғана...
Сезіміңді  төзіміңіе алмастыр,
Өзіңді  де, өзгені де  қинама...
Ұмыт  мені, бар  күшіңді  жина да...

Білгеннен  соң  сүю мен   ұнауды,
Үйрен енді  көрмеуге де  шыдауды...
Онсыздағы  менің  нәзік  жүрегім
Сұрауы  көп  сөйлемдерден  құраулы...   Ұмыт мені, бар күшіңді жина да,  деп жаза кетсеңіз(((