+2 дауыс
1.8k көрілді

9 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
*Өзің таңдамаған мамандық-басыңа тілеп алған жамандық. Жүрегің мен көңілің қаламаған мамандықты оқысаңда,жұмыс жасасаңда сен одан еш ләззат ала алмайсың,одан тек ауырасың. Адам деген сол,бұйырғаны осы болар деп жүре береді. Бұл өз-өзіңді деген аямаушылық.
Ал өзің арман еткен,жүрегің қалаған мамандықта оқысаң расыменде ынтаң болады,білуге құлшынысың болады,жұмыс жасасаң таңертең ұйқыдан тұруға ерінбей емес,ұйқыдан тұруға асық болып жұмысқа асығасыз. Дәрігер болсаң бір адамға шипаң тигені,мұғалім болсаң біліміңнің таралғаны болсада сені зор қуанышқа бөлеп өз мамандығыңа деген сүйіспеншілігің мен құрметіңді оятады.
Қандай мамандық таңдауды шешетінде,ақыл қосатында ата-анаң емес. Ақыл қосатын ата-анаң,шешетін-өзіңіз,Ұлпан.*
керемет!)))
Келісемін!!!!!!!!!!
+5 дауыс
Негізінде өзіңіздің таңдағанын, өз қалауынмен кеткен дурыс. Ата ананның қалауымен тускен достарымнын жартысы, сабак окуга ынтасы жоқ, ол бір сөзбен айтқанда өзі тандамағаннан кейін, өзі қызықпағаннан кейін сабақ оқи қоймайды. сізге айтарым өз қалауынызбен тусініз. Монда сол оқуыныз өзінізге қызықты және оңайға туседі
+5 дауыс
Жалпы өзіңіздің таңдағаныңыз жөн
+5 дауыс
Өзің таңдағаның дұрыс қой жалпы, жемісін көретін сен!!!
+5 дауыс
Менiң мамандық таңдауыма әкем көмектестi. "Қаржы" мамандығын таңдасаң қалай болады деп ұсыныс жасады. Мен қабылдадым. Баласының қандай мамандыққа бейiм екенi ата-анасына мәлiм. Және мектепте оқитын кезде оқушылар оқу жүйесiн жақсы түсiне бермейдi, университет, институт, колледж, училище дегендердiң ара жiгiн айырып та бiлмеуi мүмкiн. Және қай мамандықты таңдаса қандай салаларда қызмет жасай алатынын,яғни мамандықтың сферасын да дұрыс бiле бермейдi. Диплом алғасын бәрiн бiлетiн сияқты болып шыға келемiз. Яғни мамандық таңдау кезiнде барлығын түсiндiрiп, балаға ұсыныз жасау ата ананың құзырында болып, оны таңдау баланың еншiсiнде болу керек деп ойлаймын. Ата анамен ақылдасып барып шешiм қабылдаңыз.
+2 дауыс
өзім таңдадым, менде басқа мүмкіндік болмады )
+2 дауыс
Әкем осы мамандыққа барасың деді, мектепте оқып жүргенімде ақ солай шешкен.
+2 дауыс
Дұрысы ата-ананы тыңдаған қателеспейді деп ойлаймын.
+1 дауыс
11класта біршама ер жетіп қалсақ та білетінімізден білмейтініміз көп шақ қой, оқу таңдар кезінде де ата-ананың, үлкендердің ақылын тыңдаған жөн болар, олар сенің мінезіңді, қабілетіңді, шамаңды біле тұра өз табиғатыңа жат нәрсені таңдауға кеңес бермейтіні айқын. Мысалы мен ЖОО орнына документ тапсырар кезімде қағаздарымды толығымен апайым толтырып берді, мен тек қол қоюмен ғана жүрдім, қандай оқу жазғанын да білмедім десем де болады, қазір міне бұйырса диплом қорғайын деп жатырм, 4жыл бойы осы оқуды таңдап бергеніне еш өкінген емеспін, жылдан жылға қызығушылығым арта түсіп,бар ынта-жігеріммен оқыдым,  апайымның менің аша алмай жүрген қабілетімнің дәл үстінен түскенін түсіндім
...