0 дауыс
7.1k көрілді
Шәңгерей Бөкеев жайлы реферат керек еді, қайдан жүктеуге болатынын айтып жіберіңдерші?

3 жауап

0 дауыс
Бөкеев Шәңгерей Сейіткерейұлы[1] (1847, Батыс Қазақстан облысы Орда қаласы — 1920, Батыс Қазақстан облысы Ақбақай елді мекені) — ақын. Бес жасында ата-анасы өліп, жетім қалады. Бірақ ағаларының қамқорлығымен білім алған. Орынбор кадет корпусында, Астрахан гимназиясында оқыған. Орыс тілін үйреніп, әдебиет пен мәдениетке ден қояды.[2] Сарытау (Саратов) мен Самара аралығындағы ата қонысы — Көлборсыда өмір кешеді. Бөкеев аңшылық-саятшылықты, табиғат сұлулығын, ән-күйді, көркем сөз өнерін ұнатады, өлеңдер жазады. 1917 жылы Көлборсыдан көшіп, қазіргі Тайпақ ауданына келеді. Бөкеев шығармалары 1911 — 12 жылы “Шайыр”, “Көксілдер”, 1926 жылы “Үш жоқтау” жинақтарында жарық көрген. 1934 жылы жеке жинағы шығады. Одан кейінгі жылдарда шығармалары оқулықтар мен жинақтарда жарияланып отырды. Бөкеев — Еуропа әдебиетінен сусындап, қазақтың суырып салма поэзиясы дәстүрін жазба әдебиетке ұластырған ақын. Уақыт, заман, өмір, табиғат, ғылым, өнер туралы толғанады. “Өмірдің өтуі”, “Ғылым”, “Эдисон”, т.б. өлеңдері өзгермелі, өтпелі өмірдің заңдылығын ежелгі қазақ поэзиясының ең құнарлы сөздерімен, әсерлі суреттерімен бейнелейді. Бөкеев поэзиясында парасатты, ойлы дала қазағының ой-қиялы, ақын өмір сүрген дәуірдің алуан сырлары шебер өрнектелген. Бөкеев халық өмірімен біте қайнасып, араласып отырған. Ол Ғ. Қарашевті ауыл балаларына оқытушы етіп ұстайды. Оған орыс тілін үйретіп, орыс роман, повестерін мазмұндап береді. Ғұмар оны малшы шаруаларға әңгімелеп отырады. Бөкеев ел аузындағы әдеби мұраларды жинақтап, оны бастырып шығаруға қамқорлық жасайды. Жазықсыз жапа шеккен бұқара халық өкілдеріне (мысалы, Кубала ақын, т.б.) қол ұшын беріп, қолқабыс жасайды, Оралда “Қазақстан” газетін шығарысуға ат салысады. Бөкеев — қазақ поэзиясында өзіндік өрнегі айқын ақын. “Үш ғасыр жырлайды” және “Бес ғасыр жырлайды” топтамаларына өлеңдері енген. [3]
0 дауыс
Шәңгерей Бөкеев 19 ғасырдың екінші жартысы мен 20 ғасырдың бас кезінде Ішкі Бөкей ордасында өмір сүрген Жәңгір ханның немересі Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев 1847 жылы Жасқұс деген жерде дүниеге келген. Әкесінен жастай жетім қалған ол ата дәулетінің арқасында қиындық көрмей өседі. Өнер-білімге,өлеңге жас кезінен әуес болған Шәңгерей Ордадағы медресені бітіріп,мұсылманша оқып білім алғанан соң,Астраханьдағы реальді училищеге түседі.Орынбордағы Кадет корпусында оқыған екі жыл ішінде ол оыс тілін үйреніп,орыс әдебиеті,мәдениетімен танысады.
 
Самар губерниясында (қазіргі Куйбышев облысы) бітімші сот болып жұмыс істеген кезінде әділдік жолын іздеу,шындықты қорғау жолындағы өзіндік ой-пікірлері қалыптасып зорлық, алдампаздық, парақорлық, астамшылық сияқты келеңсіз қылықтардан бойын аулақ салуды көздейді.Кейін біраз жылдан соң бұл қызыметін тастап,еліне қайтады.Кеңсе қызыметінен біржола қол үзіп,патша тарапынан дворян атағын алған ол, самар губерниясындағы дворяндар тізіміне тіркеліп,еңбекпен,өнермен шұғылданады. 1911-1913 жылдары қазақ зиялыларының ұйымдастұруымен Оралда "Қазақстан" газетін шығару мәселесі сөз болғанда,бұл істі қолдап, оған қажетті қаржыны толықтыруға көмектеседі. 1914 жылы Уфа қаласында жарық көрген "Аға тұлпап"жинағы жарияланады. Шәңгерей 1917 жыл шамасында Көлборсындағы қонысын тастап,аталас төре тұқымдары мекенднген Ақбақай деген жерге көшіп келеді.Қоныс аудару себебі де мәлімсіз. Бізге белгілісі өмірінің соңғы кезінде ел ішінде даулы,талас-тартысты мәселелерге көп араласпай,оқшау өмір сүрген. Шәңгерей 1920 жылы қаңтарда сол Ақбақайда қайтыс болған. Ақынның біраз өлеңдері "Шайыр" (1910) және "Көкселдір " (1912) деген жинақтарда жарияланған. Бұл жинақтарды бастырған Ғ.Қараш еді. Пайдаланған әдебиет:Қазақ әдебиеті кітабі
0 дауыс
Менде толықтай нұсқасы бар
...