+1 дауыс
251k көрілді
Менің елім туған жерім деген тақырыпқа шығарма қажет өтініш! Маған ертеңгеңге қажет өтініш!

8 жауап

+9 дауыс
 
Жақсы жауап
Отан десем оралады ойыма
Ақсақалды, ақ шапанды қария,
Туған жерім - құт мекенім, дариям,
Егеменді елім, туым, әнұран,
Қанатымды қағып ұшқан жанұям.

Осы жолды аңсап еді еліміз,
Ар-намысты батыр туған жеріміз.
Мақтан етер бай мұрасы, салты бар,
Мен сүйетін қалың қазақ, халқым бар.


«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің арыстары  талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. Барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған бес арыс, ұлы Отан соғысында елім деп жанын пида еткен қайтпас қыран алаш азаматтары, жүректері оттай жалындаған желтоқсан қаһармандары... Айта берсе жалғаса берер елінің асыл ұландары, асқақ рухты азаматтарының ерен ерлігінің арқасы деп білемін.
Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері атқан оқтай зулап, табандатқан 20 жыл өтті. Қазақстанның жиырма жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай  жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері бар.
Бүгінгі Қазақстан Астанасын бас қала етіп, дамыған мәдениет пен экономиканың, білім мен ғылымның орталығына айналдыра, елінің тұрақтылығы мен бірлігін сақтап, дүние жүзіне танытуға күш салуда. Бұған мемлекетіміздің Біріккен ұлттар ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық қауымдастықтарға мүше болып дүние жүзі елдерімен тығыз байланыс орнатуы және осы жолда атқарып жатқан қыруар істері дәлел бола алады. Кемеңгер Елбасымыздың «Қазақстан – 2030» бағдарламасы өз бағытымен жүзеге асса, келешекте Қазақстан мемлекеті дүние жүзіндегі ірі мемлекеттер қатарына қосылады деген сенімдемін.
«Отан - оттан да ыстық» деген дана халқымыз, адам баласының жүрегінде ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын.
Барша Қазақстандықтарды елімнің мерейлі мерейтойымен құттықтай отырып, ашық аспан көгінде қалықтаған қырандай еркіндік пен даму, асқан бақыт және шексіз қуаныш, биік белес пен шығар шың тілеймін.
жақсы екен
+2 дауыс
Шығарманы біреу жазып беріп, бағасын сен алуға ұялмайсың ба? Не деген ұятсыздық.
сіздің шаруңызқанша сурап жатқан мен гой
Ендеше мүлдем сұрамайық,онды сжда есеп,шығарма жалпы сабақты қоюға болмасын ба сонда??????
керемет  сенің  ойыңмен келісемін
+4 дауыс

Туған жер өз үйімізден басталады.Әр адам өз туған жерін  құрметтеу және сүю қажет. Егер адам Отанын сүймесе, онда ол жер оның Отаны болып саналмайды.  Елін сүйетін адам Отансыз өмір сүре алмайды. Алыс сапарға шыққанда туған жерін қатты сағынады. Оны түсінде де көреді.

          «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл», -деп дана халқымыз бекер айтпаған. Себебі, адам баласы туған жерсіз, Отансыз ғұмыр кешпейді.Әр адамның тұрақты үйі, мекені болу қажет.Сонда ғана адам бақытты  өмір сүреді. Кіп-кішкентай бұлбұлдың өзі туған жерін іздейді, қайғырады. «Әркімнің өз жері - жұмақ», - дегені рас. Осы жөнінде  «Шетте сұлтан болғанша, елде ұлтан бол» - деген мақалды  дана  халқымыз жайдан жай айтпаған болар.smiley

0 дауыс
Бүгінгі қазақтың іздеген «Жерұйығы» не? Еуропа ма, Америка ма? Қайда ол көрікті мекен? «Ол жақта бәрі дейді ғой, қысы да жылы жаздайын» деп әндетіп жүрміз бе, әлде...

Гер-ағаң үнемі «менің құтты мекенім – қазақ жері» деуші еді. Германияға, туған атамекеніне кетуіне де болар еді. Бірақ жан-тәнімен қазақ болып кеткен Гер-ағаң неміс болып кете алмас еді. Оның тұла бойы тұнған қазақылық еді. Қазақтықтан безіп, неміс бола алмайтынын ол жүрегімен сезінді. Сол үшін қазақ халқының мұңы ортақ, жыры ортақ болды қаламгерге.

Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» атты керемет романы бар. Сол романын Шер-ағаң:

– «Парижде болдым – Париж түсіме кірмеді.

Мысырда болдым – Мысыр түсіме кірмеді.

Қытай, Моңғолстан, Үндістан, Пәкстан, Иран бардым.

Мұхиттың арғы бетіндегі  Чикагода, Техаста, Нью-Йоркта болдым – олар да түсіме кірмеді.

Баяғыда Мәскеуде бес жыл оқыдым – ол да түсіме кірмеді.

Түсімде ылғи балалық шағымды көремін.

Түсіме күн сайын Мыңбұлақ кіреді. Түсімде үнемі Ақсу-Жабағылыны көремін» деуші еді ғой.

Бір кездері Қазақстаннан жырақ тағдыр айдауымен ауып кеткендердің туған жердің топырағын аңсауының сырын енді түсіне бастағандаймын.

Қазақстаннан алыс шетелдікке тұрмысқа шыққандардың да ішкі жан дүниесін аңғара бастаған секілдімін.

Туған мекеннен алыстаған сайын ол сені өзіне тарта береді екен.

«Арқада қыс жылы болса, арқар ауып несі бар?» деуіңіз де мүмкін.

Алайда әркімнің өз жұмақ мекені болады.

Ол оның туып-өскен жері, атамекені, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі.

Менің де әлем халықтары секілді өркениетті мемлекетте өмір сүргім келеді.

Еуропаны аралап, Американың суын ішкім келеді.

Бірақ ол елдерде мәңгі тұра аламын ба? Жоғарыдағы өзіміз мысалға келтірген қыздардың тағдырын қайталамасымызға кім кепіл бола алады?

Еуропаны көрсек те, Америкада тұрсақ та, түсімізге енбеуі мүмкін.

Өйткені  біздің жұмақ мекеніміз – осында.

Біз осыны ғана аңсаймыз...
0 дауыс
мангилик казак елим деген шыгарма тауып бериниздерши улкен колемде болса алгысым шексиз тауып берп жаткан жан болса алла сол жанга шапагатын токсин алдын ала рахмет
0 дауыс
Туган жер туралы шыгарма болса...
0 дауыс
Жерұйық менин мекеним ой толгау
0 дауыс
Әркімнің туған жері жұмақ мекені тақырыбына шығарма құрап беріңіздерші отініш
...