Адам баласының үш қасиеті: Қайрат, Ақыл және Жүрек – қайсысының орны басқалары үшін маңызды

+3 дауыс
26.1k қаралым
• Санаты: Жалпы сұрақ

4 жауап

+5 дауыс
Жақсы жауап
Абайдың  17-і Қара сөзінде:

Ғылымның айтқаны:

- Ей, қайрат, сенің айтқандарының бәрі рас-ақ. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесін, соның жаман.

- Ей, ақыл, сенің  айтқандарының бәрі рас-ақ. Сенсіз еш нәрсе табылмайтыны рас. Тәңіріні де сен танытасын, екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен бірге, амал да, айла да – бәрі сенен шығады.

- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды ғой. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет.Осы үшеуің бір кісідей менің айтқанымдай табылсаңдар, қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаң, мен ЖҮРЕК-ті жақтадым.  --- делінеді.

Менің де айтпағым, Барлығы Жүректен бастау алады. . .
Келісем. +1
+3 дауыс
Ақылдың орны маңызды болар, адам денесін, мінезін, болмысын ақыл басқарса керек еді....
Ақыл - жақсы нәрсені де, жаман нәрсені де ойлап табады. Адам денесінің патшасы - жүрек.
+3 дауыс
Жүректен, осына сабақта өткен болатынбыз!!! Жүрек болмаса ақылдың да қайраттың да қажеті жоқ!!!
+4 дауыс
Адам үшін бұл үшеуінің де маңызы зор. "Қайрат пен ақыл жол табар, қашқанға да қуған да"- деп Абай атамыз айтып кеткендей ақыл мен қайрат жақсылыққа да, жамандыққа да қызмет етеді. Барлық игі істер жүректен бастау алатыны белгілі! Бірақ толыққанды өмір сүруге қабілетті болу үшін бұл үшеуінің бірлігі крек. Неге? Өйткені, қазір қайрат жетіспегендіктен, адамдар өз өміріне қол жұмсап, мына жарық дүниемен қоштасып жатыр. Ойбай мен өйтім, мен өмір сүргім келмейді, ел-жұртқа мазақ болдым, т. с.с сылтаулар уыздай жастардың өмірін қиып жатыр, сонда адамға не жетіспейді, әрине қайрат! Қайрат болса, ол мен өмір сүре аламын, мен өзімнің олардан еш төмен емес екенімді дәлелдеймін деп өмір сүру керек, ең болмағанда..өлдің ал.. Ата-анаңды, бауырларыңды, жақын достарыңды аңыратып, жүректеріне жазылмас жара салып кеткенде не болады? Өзінің жарасымен бүкіл жақын адамдарын улайтынын неге түсінбейді, артында қалған туыстары кінәні өздерінен іздеп қиналатынын неге ойламайды, осы жерде міне ақыл жетіспейді! Ақылмен бір істің алды-артын ойлау керек, және сол іс тек ізгілік жолына бағытталу керек, бұл жерде әлбетте жүрек керек! Сондықтан, бұл үшеуін бөле жару мүмкін емес!-деп ойлаймын.

Ұқсас сұрақтар

127,776 сұрақ
322,353 жауап
153,150 пікір
72,814 қолданушы