+3 дауыс
935 көрілді

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Мол дүние үлкен еңбек, алғыр ақылдың арқасында келеді. Ақымақ байымайды,себебі оған оның ақылы жетпейді. Негізі бай болсам екен деп ойламайтын адам болмайды, бірақ көбінің қолынан келмейді. Бай болу үшін де жомарт болуың керек. Қазақ "Алаған қолым,береген"- дегенді бос айтпаған. Бай болсаң ғана біреуге көмектесе аласың, жоқ болсаң неңді бересің. Бірақ адам пенде, өзінде жоқ біреуде болса соны көре алмайды, бірақ өзі ешкімге ешнәрсе бере алмайды. Ұрлықпен,құмар ойнымен адам байымайды, дүние қалай келсе солай кетеді. Ақылымен байыған адам жарлы болмайды, себебі ол баю жолын, яғни еңбекті тиімді үйлестіру жолын біледі. Бірақ барлықтан кейін.жарлылыққа түсу өте қиын болар деп ойлаймын, оның бетін аулақ қылсын.
"Кедей бай болсам дейді, бай Құдай болсам дейді" ия, рас айтасыз, "Ағайын бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайды" деңіз.....
+3 дауыс
Барі уақытша екеніне көз жетеді,өмірлік сабақ болады,байлық су сияқты уақыты келгенде ағып кететініне көзі жетеді.............................................................
+1 дауыс
Рас, дүние қолдың кірі, жусаң кетер. Бай адам кедейлікке ұшыраса қарап қалмайды, бай болып үйренген ол қалай бай болуды да білетін болар. Қайта бай болып кетпесе де өз арбасын өзі сүйрейді ғой, бай адамдар күнәһарлар емес Құдай төбесінен ұрып кедей боп, қайыршы болып кетпейтін болар.
Мына сұрағың тіпті ақылға қонымсыз ғой, әлде бір байдан ала алмай жүрген өшің бар ма еді? Күндестік жаман әдет, қазақта "біреуге ор қазба, өзің түсесің" деген сөз бар, рас  біреуге ор қазба, керек болса өзі қазып алсын.........
Өте тамаша айттың Көркем, бай болу оп-оңай емес.
+1 дауыс
Дүние кезек екенін ұғар.Кезінде жасаған істері үшін өкінер.Тым болмаса бір рет қайыр садақасын бермегені үшін бармағын тістеп қалар.Мүмкін жаңадан бәрін бастап, денінің саулығына, басының амандығы үшін шүкіршілік етер.....
+1 дауыс
Ондай адам ештеңені де ойламайды, түсінбейді, мінезін өзгерту оңай болмас, өмірден сабақ алады, біраз қиналады!!!
...