+5 дауыс
23.1k көрілді
жалпы осы ауру туралы не білесіздер? орысшасын оқып дұрыс түсінбей отырмын ау... Осымен ауырған адам бар ма? Ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын ізде дегендей, нақты білігім келіп отыр. Ең маңыздысы алғашқы белгілері қандай болады?

6 жауап

+5 дауыс
Сифилис. Бұл дертті негізінен арнаулы микробтар таратады. Әсіресе спирохеттер (Sрігоһеtа) микроскоппен ғана көруге болады. Сырт пішіні — штопырға ұқсас бұралып келеді. Бұл микроб жыныс ауруының қандай түрі болмасын барлығын жұқтырады. Денені қызарады, жара пайда болып кейіннен іріндейді.

 Біраз уақыт өткеннен кейін (6 аптадан 1 жылға дейін), де-ненің кез келген жері бөртіп, қызарып кетеді. Бөрткені ауырмайды, не қышымайды. Жалпы адамды мазаламайды. Бұл аурудың осы кездегі белгілері, бұрынғы кездегілермен салыстырғанда мүлдем басқаша. Таңба-таңба болып шаштың түсуі, тамақ қы-рылдап қалады», адамның басы ауырып температурасы көтеріледі. Бірақ бұл белгілер болмауы да мүмкін. Егер сифилисті емдемесе, ол адам ағзасына төтенше құбылыстар туғызуы сезсіз.
 Сал ауруы (паралич), көзі көрмей соқыр болып қалуы, құлағы естімей саңырау болып қалуы, адам есінен мүлдем айрылып кетуі, тіршілік дүниесімен қоштасуы ықтимал. Сифилисті емдеу үшін ең кең қолданылатын дәрінің бірі антибиотик — пенициллин. Ол төмендегі сатыдағы саңырауқұлақтардан өндіріледі (Репіsеllinum). Сифилис жүкгі анадан туылатын балаға тарауы сөзсіз. Ол ауру болып туады. Сүйектері кемтар болып дүниеге келеді.
рахмет, енді түсіндім, қазір медицинада пеницилин қолданыста жоқ екен, орнына ампицилин
+5 дауыс
Сифилис-созылмалы венерикалық (инфекциялық аурулар) бозғылт спирохет қоздырғышы. Клиника: буро-краска жағады. Шеті тегіс, қатты. Лимфа бездері үлкейіп денеде лимфалық бөртпелер пайда болады.
http://www.venerologia.ru/venerologia/sifilis.htm қазақшасы жоқ, ауру аты аударылмайды екен! Сілтемеде орысша мәлімет бар, қысқасы венерикалық ауру екен!
+4 дауыс
Ауру туралы анықтама беріліпті,жеткілікті сияқты. Бұл аурудың қазақша аты "МЕРЕЗ". Негізі жыныстық қатынас арқылы тарайды делінеді,бірақ соңғы кездері тұрмыстық(бытовой) таралымы туралы көп айтылып жүр.
+5 дауыс
Сифилис-тің қазақша аудармасы МЕРЕЗ екен
+4 дауыс
Көтек! Құдай бетін арғылсын бұндай аурудан!
+3 дауыс
опшым, жаман ауру ғой. Жезөкшелердің кәсіби ауруы, сақ  болам десең,  солардан аулақ  жүр. нашақорлардан да.
практикада жүргенімде бір әжеден осындай диагноз шықты, сонда ол кісі....
Алихан жезөкшелерден басқа адам ауырмайды деген жоқ едім.  солардың арасында кең тарағанын айтқым келген, ал, өмірде  сирек болса да тұрмыстық қатынас (жыныстық емес) пен медициналық манипуляция кезінде де жұққан  жағдайлар бар.
...