+5 дауыс
2.7k көрілді

          Жылы шырайлы көктемнің алғашқы бір күндері барша азаматтың көңілін жадырата келген 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен барлық қыз-келіншектерді шын жүректен құттықтаймыз.
Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен апа-әпке, сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді.
Баршаңызға мереке қайырлы, құтты болсын! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміз. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін!

3 жауап

+2 дауыс

Ешкім рахмет айтпаптығой... Кеш болсада барлығымыздың атымыздан ҮЛКЕЕН РАХМЕЕЕТ айтам....smiley

0 дауыс
Ештен кеш жақсы демекші, көп-көп рахмет! Айтқандарыңыз келсін! Алла разы болсын!!!:)
0 дауыс
Ербол осындай үлкен мерекелерде үндемей қалу өте ыңғайсыздық тудырады екен, сондықтан  біріміз жамырағанша дәл осылай Админстрация атынан бір құттықтау жазылса болады екен. Қалғандары пікірмен қосыла берсе болады ғой деп ойлапймын...
Мынау осыдан 1 жыл бұрын жазылған құттықтау ғой.
Оның еш мәні жоқ қашан екенінің, бар мәселе бір жылдан соң болса да қорытынды шығаруда.
...