Мемлекеттік сатып алу – жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша не кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтемді қызмет көрсету шарттары бойынша, мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде сатып алынатын көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ жарналар (салымдар) енгізуді, оның ішінде жаңадан құрылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына жарналар (салымдар) енгізуді қоспағанда, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын жарғылық қызметін орындауын қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушілердің ақылы негізде сатып алуы;
Мемлекеттік сатып алудың веб-порталы – электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызмет көрсетулеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын мемлекеттік ақпараттық жүйе.
Мемлекетік сатып алудың веб-порталы келесі мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді:
мемлекеттік сатып алу процесіне қатысушыларды тіркеу;
мемлекеттік сатып алуды жобалау;
өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы ақпараттарды жиынтығын;
электрондық мемлекттік сатып алуды өткізу, соның ішінде тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім беруші араларында электрондық құжат алмасу;
мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жоспардағы, өткізетін және жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу туралы ақпараттарды беру;
өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша есептілік және санақтарды қалыптастыру;
мемлекеттік сатып алу саласында нормативтік-анықтама ақпараттарын және түсіндірмелерді жариялау;
мемлекеттік сатып алу тізіліміне енгізілген мәліметтерді ұсыну және жариялау.
Жүйемен шешілетін мәселелер:
мемлекеттік қажеттіліктер үшін тауарларды, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді сатып алуда бюджеттік шығындарды қысқарту;
мемлекеттік тапсырыстарды бірыңғай тәртіппен орналастыру және қалыптастыру;
мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізуге шығындарды қысқарту;
өнім берушілер арасында бәсекелестік жағдайларын тең құру;
жиналған ақпараттарға тез алуға мүмкіндік;
қағаз құжат айналымын айтарлықтай қысқарту;
мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығын және мөлдірлігін жоғарылату;
мемлекеттік сатып алу процесінде заң бұзушылық санын азайту.
[Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңы][1]
[1]: http://www.esep.kz/first2.php?lang=kaz&matid=1161&test=