0 дауыс
8.8k көрілді

1 жауап

0 дауыс
Әлемнің көп елдерінде қалыптасқан некелесудің  өткен уақытына байланысты тойлардың  үлгісі.
Бұл той үлгілері біздің қазаққа да келіп жатыр, алтын, күміс тойларын мерекелеп жатқандар баршылық. Білгенімді бөлісе отырайын.

Шыт той – некелесудің бір жылдығы.

Ағаш той – некелесудің бес жылдығына арналады.

Раушан той- некелесудің он жылдық мерекесі.

Әйнек той – отасудың бес жылдық тойы.

Фарфор той – отасудың жиырма жылдығында өткізіледі.

Күміс той – неке қиылудың ширек ғасырлық тойы.

Інжу той – неке қиылудың отыз жылдығына арналған той.

Кенеп той- жұбайлықтың отыз бес жылдығы.

Лағыл той – жұбайлықтың қырық жылдығы.

Алтын той – жарты ғасырлық торқалы той.

Гауһар той – ерлі-зайыптылардың алпыс жылдығы.

Темір тойы- ерлі-зайыптылардың алпыс бес жылдығы.

Игілік той – неке қосақтың жетпіс жылдығы.

Тәждік той- біреу жетіп, біреулер жете алмайтын некелесудің жетпіс бес жылдығына арналатын заңғар-шың той.
...