+2 дауыс
12.5k көрілді
"Кеуіл" деген сөз  не екенін айтыңызшы?

7 жауап

+3 дауыс
"Кеуіл"- деген кәдігімгі "Көңіл" сөзінің аймақтық диалектілік қолдануы. Мысалы: "Көңідіңе алма,ағаттық болды"- деген сөзді, кейбір аймақтарда "Кеуіліңе алма,ағаттық болды"-деп қолдана береді. Мүмкін осы жөнінде болар сұрағың.
0 дауыс
Кеуіл деген сөз бізде жоқ сияқты. Оны қай жерден оқып білдіңіз. Бірінші рет естіп тұрмын.
+2 дауыс
КЕУІЛ
1) (Жамб.: Қорд., Шу, Луг.; Қ.орда: Арал, Шиелі, Сыр., Жал., Қарм.; Ақт.: Қараб., Ырғ.; Гур., Маңғ.; Қост., Тоб.; Рес., Орын.) кө-ңіл, ой. Анада бір кездескенімде колхоз бас-тығына к е у л і м д е жүрген ойларымды айттым (Қ.орда, Сыр.). Осы жасқа келгенше олардан к е у і л і м қалған жоқ (Жамб., Шу). Алтын кейде ойға батып, әлде бірдемені ойлап, к е у і л і шалқып, қиялдағандай болады (Ақт., Ырғ.). К е у і л і н д е г і бар ызасын сыртына ақтарып, шаптығып, көз жасы дірілдеп тұрып айтты да, жалт бұрылып жүгіре жөнелді (Т. Ахт., Дала., ).

Өтінемін, қазақ тілінің онлайн сөздігін қолданыңыз. Пайдасы көл көсір. Мекен-жайы: қазақ тілінің сөздіктер кешені http://lugat.kz/
0 дауыс
кеуіл-көңіл күй
0 дауыс
Кеуiл айту деген создi келiн боп тускен кезде улкен ажемiзден естигенмин
0 дауыс
кеуіл деген негізі шөп дәрі болған
кеуілмен бұрынғы кісілер пайдаланатын.
0 дауыс
кеуіл арбуздың шашағы сияақты болады... оның тамырын

Ұқсас сұрақтар

...