0 дауыс
10.0k көрілді
"Жалынды жастық шақтан" шығарма керек еді.

1 жауап

0 дауыс

Жастық шақ, балалық бал дәурен – адамзат өмірінде маңызды рөл атқаратын, шаттыққа, қайрат-жігерге толы кезеңі. Сонымен қатар, осы жастық дәурен – ұмытылмайтын, алар орны ерекше, нағыз даналықты меңгеруге арналған уақыт. Ал, балалық шақ оны айтпаса да белгілі. Кім бала болмады?! Кім іңгәләп, еңбектеп, тәй-тәй баспады?! Жалпы, "Өмір – үлкен мектеп". Сол мектептің алғашқы баспалдағы ол – балалық бал шақ. Бұл кезеңді мың айналып, толғансаң да, артқа шегіндіре алмайсың. Өйткені, бұл өмірдің заңдылығы. 

Адам өмірінде балалық шақ, жастық шақ, орта жас және кәрілік кезең орын алады. Солардың ішіндегі ең бір ерекшесі әрі мәңгі естен кетпейтіні ол – жастық шақ. Жас күніңдегі өмірің қиялға толы. "Жастық - жалын, кәрілік - көмір", - деп бекер айтпаған-ды.  

"Жастық шағың - жарқын жаздың бейнесі, құтты жаздың ала алсаң, жоқ бермесі", - деп Сәбит Мұқанов атамыз айтқандай, бұл кезең әрдайым қызғалдақ құлпыратын шақ. Бірақ та, сол қызғалдақты дұрыс жайната білу қажет, яғни теріс жолға салынбай, тура жолдан таймай әрқашан тек алға ұмтылу – жастық шақтағы еске сақтар бірден-бір міндет. Жастық шақта бір қателікке ұрынсаң, одан шығу оңайға соқпайтынын, терең тұйыққа батқандай кейбіреуі тіпті сол жастық шақтағы қате қадамынан өмірінің соңына дейін жапа шегіп, соның кесірі бүкіл отбасына да тиіп жататынын үлкендер жиі айтып жатады. Сондықтан өмірің сәнді де, мәнді болсын десең, шаңырағың үнемі береке, тыныштықта болсын десең, ол үшін ең алдымен, жастық шақта қателікке ұрынбауға тырыс. Өміріңді кейін өкінбейтіндей қылып өткізсең, өзіңе жақсы емес пе?! Адам баласы үшін ғұмыр келте. Сол алақандай ғана ғұмырды бағалай білу қажет.  

Жоғарыда айтып өткенімдей, бұл дәуренде барлығы қайратты, қуатты болады. Сондықтан да осы жігерлі уақытымызды пайдаланып, ең алдымен - оқуға көңіл бөлейік. Өйткені, біз үшін жас кездегі маңызды міндеттердің бірі ол - білім алу. Жақсы білім алып, сауатты болсақ, жарқын болашағымызға жол ашамыз және де бұл арқылы біздің санамызда үлкен армандар, алға қойған мақсаттар пайда бола бастайды. Егер біздің әрбіріміз осы жастық шағымызда елеулі оқиғаларды бастан кешіп, әлсіздік танытпасақ, ата-анамыз бізді ылғи мақтан тұтатын, қоғамымызда орны бөлек, үлкен азамат пен азаматша болып ер жетеріміз xақ. Ата-ананың үмітін ақтап, жарамсыз қылықтардан аулақ болып, тәрбиелі әрі инабатты, сондай-ақ, білімді азамат болу – әрбір жеткіншектің парызы деп ойлаймын. Қысқаша айтқанда, бақыт кілті - әр адамның өз қолында. Сол себепті, қамшының сабындай алтын ғұмырымыздың құлпырған бәйшешектей аз ғана мезгілін құр бос өткізбегеніміз абзал. Шығыстың ұлы ақыны Саади: "Адам әрбір секундта бір дем алады..." деген екен. Ал сол дем алудың біздің өмірімізде қаншалықты санаулы екенін ұмытпауымыз қажет.   

Қасым Аманжолов:                                 

Сен қандай бақытты едің, келер ұрпақ,                                  

Қараймын келбетіңе мен таңырқап.                              

Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде, 

Көрпеңді мен жатырмын қырда қымтап, - дейді өз өлеңінде.  

Демек, бүгінгі жас ұрпақ, ел ертеңі – біздер. Біз - ертеңгі күні ел тағдырын ойлайтын осы жалындаған жастармыз. Ең алдымен біз білім алып, "Болмасаң да ұқсап бақ, біл ғалымды көрсеңіз", - деп қазақтың бас ақыны Абай айтқандай, еліміздің білім деңгейін биік шыңға көтеріп, қазақты әлемге одан әрі мойындатсақ, бізден асқан бақытты мемлекет, қазақ елінен асқан бақытты халық болмас.  

Толығырақ: https://massaget.kz/blogs/18485/

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
4 жауап
0 дауыс
4 жауап
+1 дауыс
7 жауап
...