+2 дауыс
437 көрілді
men kazir kezde kompty koskannan owirgenge dein www.surak-zhauap.kz saityn otyratyn boldym men bul saittyn ozime kerekti suraktardyn jauabyn aldym www.surak-zhauap saity kazirgi tanda kazakstandygy uzdik saittardyn biri dep oilaimyn al sizderdin oilarynyz kandai??

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Менің өмір тарихым дағы ең жақсы көретін ең үздік дер едім егер менен біреу сұраса.  Барлығына айтарым барша  дос таныстарыңызға айтыңыздар, ура мен сені жақсы корем сұрақ-жауап сайты , админге мыңда бір алғыс , сіз сияқты ел азаматтары аман болсын ,
+2 дауыс
Үздіктігін білмедім7 Бірақта бұған қазақ тілділердің 2/3 тіркелсе және үнемі онлайында отырса, онда үздіктің үздігі болар еді.

Қайта осыны құрғанына үлкен рахметімді айтамын...
men kim saitta otkanyn bilu uwin saita otyrgandar jasyl tusta al otyrmagandary kyzyl tuste bolsa sonda biz kim kim sait otyrganyn biletin edik men ozim basym solai bolgnyn kalaimyn
Олай дұрыс болатын да шығар...
Ниеттеріңіздге рахмет! Жақсы пікір, құдай қаласа наурыз айының соңына қарай бірнеше мүмкіншіліктер қосылатын болады. Сіздердің бұл айтып отырған мүмкіншіліктерді іс жүзінде істеуге болады. Бірақ мен бұл сайттың программалау жөніне келгенде білімім аздау, уақыт өте келе оқыған, жинаған білімімді осында салып жатырмын. Жайлап бірне мүмкіншіліктер іске қосылатын болады.
+3 дауыс
Бұл - өте дер кезінде ашылған және қызықты да қажетті сайт. Қазір сайттар да, блогтар да көп. Бірақ солардың бәрінде құлаш-құлаш мақалалар, авторлардың жазбалары беріледі және бір-біріне өте ұқсас. Олар тым ұзақ болғандықтан уақыттың тапшылығынан оқып үлгермейсің немесе уақытың болса да бір-бірінен аумайтын жазбаларды кейде оқығың келмейді. Ал "Сұрақ-жауап" сайтының формасы да, мазмұны да өзгеше. Керекті сұраққа жауап аласың, шаршамайсың. Кейбір сұрақтар сайтты форумға айналдырып жібереді дегенмен келіспеймін. Себебі кейбір сұрақтардың жауабы нақтылықты қажет етпейді. Адамның ақыл-кеңесіне жүгінуді талап етеді. Сондықтан кейбір ақыл-кеңес сұраған сұрақтарға теріс қараудың керегі жоқ. Жастар жағына сондай сұрақтар ұнайды деп ойлаймын.  Бір жаман жері, аға буын аға-апалардың өмірлік тәжірибесі көп болғандықтан кейбір сұрақтарға сол кісілердің жауабы болса жақсы болар еді, бірақ біздің қазақтың үлкендерінің самарқаулығы (мүмкін жастармен жағаласпайыншы деген менталитет пе) қынжылтады. Тіпті мына жердегі Денсаулық санатының ішінде жауап беретін бір дәрігер отырса, тіптен жақсы, әрине. Дегенмен сол дәрігердің таза қазақ тілінде түсінікті әрі сауатты түрде жазатынына күмәнім бар. Сосын кейбір жауап беруші сайт оқырмандары жауапқа сілтеме (ссылка) көрсете салмай, соны ықшамдап, қазақшалап ұсынып отырса тамаша болар еді. Өйткені сіз көрсеткен ссылка ұзақ әрі оны кез келген адам таба алады ғой. Ал мына жерден нақты қысқа да нұсқа жауапты көргісі келеді бәрінің. Жалпы, админ жас болса да өте қажетті сайтты қолға алған. Мына жерде сайтқа қатысты өз ұсыныстарын айтып жатқандарға да алғыс айту керек. Өйткені олар шын мәнінде осы сайтты ұнатып, оның өркендеуіне шын жанашыр болып отырғандар деп ойлаймын. Алдағы уақытта бұдан да жақсы болады деп сенеміз.
Рахмет! Сіздің айтқандарыңызбен толық келісемін. Сіздің ойыңызды естіп бір қуанып қалдым. Сайтты одан арі дамытуға деген ынтам арта түсті. Маған бір тың серпіліс бергендей болады. Жайлап болса да, сайтты дамытып жатырмыз. Сіздерге үлкен рахмет!
+2 дауыс
Сайт жаман емес.
+2 дауыс
Осы сайтты интернетте анекдот іздеп отырып тауып алып едім. Ұнады. Көңілімнен шықты. Жауабын таба алмай жүрген біраааз сұрақтарыма жауап алдым. Тіпті сабағымада көп көмектесті, шыны керек. Керемет сайт,сөз жоқ. Админге алғысым шексіз! Қазақтың осындай азаматы барына қуанамын! Одан әрі өрлей бер,шыңдай бер!
...